Ісіну

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ісіну, ісінгіштік – полимерлердің төмен молекулалы сұйықтықтарды өз бойына сіңіруі нәтижесінде көлемінің өсуі. Бұл жағдайда полимердің пішіні өзгермейді. Үлкен молекулалы қосылыстардың молекулаларының мөлшері еріткіш молекулаларының мөлшерінен мыңдаған есе көп. Полимер мен еріткіш молекулалары бір-бірімен жанасқанда сұйықтық молекулалары полимер фазасының ішіне жылдам енеді, яғни бір жақты диффузия жүреді. Бұған еріткіш молекулаларының аса қозғалғыштығы және полимер молекулалары тығыздығының төмен болуы ықпал етеді. І. шекті және шексіз болып бөлінеді. Шексіз І. кезінде полимер толық еріп, бір фазалы гомогенді ерітінді пайда болады. Мұнда полимер молекулалары бір-бірінен ажырап, ерітіндіде дербес қозғалады. Ол сызықтық және тармақталған полимерлерге тән. Мыс., каучуктың бензолда, нитроцеллюлозаның ацетонда, целлюлозаның мыс-аммиакты ерітіндіде, т.б. еруі. Шекті І. кезінде полимер ерітіндіге толық өте алмайды. Полимердің І. қабілетіне полимердің және еріткіштің хим. табиғаты, молекулалық массасы, полимер тізбегінің иілгіштігі, макромолекуланың текшелену тығыздығы, полимердің фазалық күйі, т.б. әсер етеді. [1]

Пайдаланылған cілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том