Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 238 588 мақала бар.
Эрнест Хемингуэй
Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899, Оук-Парк, Иллинойс — 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.
Биология
Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
Ортаққор Ашық файлдар қоры
|
Уикисөздік Ашық сөздікқор
| ||||
Уикидерек Ашық дерек базасы
|
Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры
| ||||
Уикихабар Ашық жаңалықтар
|
Уикидәйек Дәйексөз жинағы
| ||||
Уикиқайнар Ашық кітапхана
|
Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі
| ||||
Уикисабақ Білім қоры
|
Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы
| ||||
MetaWiki Жобаларды үйлестіру
|
МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама
|
Жаңалықтар
Ағымдағы оқиғалар: Грузиядағы наразылық шаралары • Израиль−Хамас соғысы (хронологиясы) • Ресейдің Украинаға басып кіруі (қаңтар, Курск облысындағы шайқастар)
- 21 қаңтар — Түркиядағы курортта (суретте) қонақ үйдегі өрттен 79 адам қайтыс болып, 51 адам жараланды.
- 15 қаңтар — Америкалық кинорежиссёр Дэвид Линч 78 жасында дүниеден өтті.
- 15 қаңтар — Израиль мен Хамас атысты тоқтату туралы келісімге келді.
- 15 қаңтар — Оңтүстік Кореяда биліктен шеттетілген президент Юн Сөк Йөл қамауға алынды.
- 8 қаңтар — Чад президентінің сарайына шабуыл кезінде 19 адам қаза тапты.
- 7 қаңтар — Тибеттегі жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 126 адам қайтыс болды.
Білгенге маржан
- Apple компаниясының алғашқы логотипінде Исаак Ньютонның суреті болған.
- American Airlines жолаушыларға берілетін салаттың құрамынан зәйтүнді алып тастап, 40 000$ үнемдеген.
- Қазақстан қазақтарының ең көп аттас-тектестер Серік Ахметов және Айзере Серік.
- Лазерлік принтердің алғашқы істейтін прототипі 1972 жылы жасалды.
- Третьяков галереясының ішінде де бір киіз үй бар.
- Гармония тынысын радиодан да естіп алуға болады.
- Хамелеондардың түс өзгерте алуы меланосомалардың әрекетіне байланысты.
24 қаңтар
Мейрамдар
Оқиғалар
- 661 — Хазірет Әли (қ.у.) Куфә мешітінде шахид болды
- 1924 — алғашқы Қысқы Олимпиада ойындары басталды
- 1984 — алғашқы персоналды компьютер Apple Macintosh шықты.
Туғандар
- 1776 — Эрнст Теодор Вильгельм Амадей Гофман, неміс жазушысы, композитор, суретші (1822).
- 1873 — Дмитрий Николаевич Ушаков (1942), орыс филологы.
- 1888 — Эрнст Хейнкель, неміс әуе құрастырушысы.
Қайтыс болғандар
- 1915 — Артур Ауверс (en:Arthur Julius Georg Friedrich von Auwers) (1838), неміс астрономы.
- 1924 — Амедео Модильяни, 19 және 20 ғасырдың әйгілі суретшілердің бірі (1884).
- 1947 — Феликс Тиммерманс (en:Felix Timmermans) (1886), Бельгия жазушысы және ақыны.
- 1965 — Уинстон Черчилль, ағылшын саяси қайраткері, Ұлыбритания премьер-министрі, әдебиеттен Нобель сыйлығының иегері. (1874).
- 2004 — Леонидас да Силва (1913), аты аңызға айналған Бразилия футболшысы.
Қаңтар айына ортақ жұмыс
Таңдалмаған. Оны сіз де жасай аласыз!