Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 238 657 мақала бар.
Эрнест Хемингуэй
![Эрнест Хемингуэй](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/28/ErnestHemingway.jpg/150px-ErnestHemingway.jpg)
![Эрнест Хемингуэй](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/2/28/ErnestHemingway.jpg)
Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899, Оук-Парк, Иллинойс — 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.
Биология
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/3a/E._coli_Bacteria_%287316101966%29.jpg/150px-E._coli_Bacteria_%287316101966%29.jpg)
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/3a/E._coli_Bacteria_%287316101966%29.jpg/220px-E._coli_Bacteria_%287316101966%29.jpg)
Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
![]() |
Ортаққор Ашық файлдар қоры
|
![]() |
Уикисөздік Ашық сөздікқор
| ||
![]() |
Уикидерек Ашық дерек базасы
|
![]() |
Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры
| ||
![]() |
Уикихабар Ашық жаңалықтар
|
![]() |
Уикидәйек Дәйексөз жинағы
| ||
![]() |
Уикиқайнар Ашық кітапхана
|
![]() |
Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі
| ||
![]() |
Уикисабақ Білім қоры
|
![]() |
Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы
| ||
![]() |
MetaWiki Жобаларды үйлестіру
|
![]() |
МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама
|
Жаңалықтар
Ағымдағы оқиғалар: Грузиядағы наразылық шаралары • Ресейдің Украинаға басып кіруі (хронологиясы, Курск облысындағы шайқастар)
![Гранд Картал отелі](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c1/Grand_Kartal_Hotel_in_Kartalkaya.jpg/150px-Grand_Kartal_Hotel_in_Kartalkaya.jpg)
- 29 қаңтар — АҚШ-та Вашингтондағы ұшақ апатынан борттағы 67 адам түгелдей қаза тапты.
- 21 қаңтар — Түркиядағы курортта (суретте) қонақ үйдегі өрттен 79 адам қайтыс болып, 51 адам жараланды.
- 15 қаңтар — Америкалық кинорежиссёр Дэвид Линч 78 жасында дүниеден өтті.
- 15 қаңтар — Израиль мен Хамас атысты тоқтату туралы келісімге келді.
- 15 қаңтар — Оңтүстік Кореяда биліктен шеттетілген президент Юн Сөк Йөл қамауға алынды.
- 8 қаңтар — Чад президентінің сарайына шабуыл кезінде 19 адам қайтыс болды.
Білгенге маржан
- Apple компаниясының алғашқы логотипінде Исаак Ньютонның суреті болған.
- American Airlines жолаушыларға берілетін салаттың құрамынан зәйтүнді алып тастап, 40 000$ үнемдеген.
- Қазақстан қазақтарының ең көп аттас-тектестер Серік Ахметов және Айзере Серік.
- Лазерлік принтердің алғашқы істейтін прототипі 1972 жылы жасалды.
- Третьяков галереясының ішінде де бір киіз үй бар.
- Гармония тынысын радиодан да естіп алуға болады.
- Хамелеондардың түс өзгерте алуы меланосомалардың әрекетіне байланысты.
15 ақпан
Мейрамдар
Оқиғалар
- 1989 жыл — Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығару аяқталды. (1988 жылы 15 мамырда басталған)
- 2005 жыл — ең танымал сайттардың бірі YouTube тарихы басталды.
Туғандар
- 1452 жыл — Леонардо да Винчи, италияндық ұлы суретші әрі ғалым, «Әмбебап адам» дүниеге келді.
- 1564 жыл — Галилео Галилей, итальян философы, математик, физик, механик әрi астроном туды.
- 1835 жыл – Деметриус Викелас, грекиялық коммерсант, ақын, филолог, Халықаралық олимпиада комитетінің алғашқы президенті.
- 1907 жыл – Ісмет Кеңесбаев, қазақтың көрнекті тілші–ғалымы.
- 1914 жыл – Шәкен Кенжетайұлы Айманов, қазақтың көрнекті актері, театр және кино режиссері.
- 1915 жыл — қазақ тарихшысы, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Ермұхан Бекмаханов дүниеге келді.
Қайтыс болғандар
- 1405 жыл — Әмір Темір, Орталық Азия жаһангері.
- 1781 жыл — Готтхольд Лессинг Ефраим, неміс жазушысы, пәлсапашысы, драматургі және өнертанушысы, Ағарту дәуірінің ең көрнекті өкілдерінің бірі.
Ақпан айына ортақ жұмыс
Таңдалмаған. Оны сіз де жасай аласыз!