Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 238 717 мақала бар.
Эрнест Хемингуэй


Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899, Оук-Парк, Иллинойс — 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.
Биология


Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
![]() |
Ортаққор Ашық файлдар қоры
|
![]() |
Уикисөздік Ашық сөздікқор
| ||
![]() |
Уикидерек Ашық дерек базасы
|
![]() |
Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры
| ||
![]() |
Уикихабар Ашық жаңалықтар
|
![]() |
Уикидәйек Дәйексөз жинағы
| ||
![]() |
Уикиқайнар Ашық кітапхана
|
![]() |
Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі
| ||
![]() |
Уикисабақ Білім қоры
|
![]() |
Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы
| ||
![]() |
MetaWiki Жобаларды үйлестіру
|
![]() |
МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама
|
Жаңалықтар
Ағымдағы оқиғалар: Грузиядағы наразылық шаралары • Ресейдің Украинаға басып кіруі (хронологиясы, Курск облысындағы шайқастар)

- 18 ақпан — АҚШ пен Ресей делегациялары Эр-Риядта кездесу өткізді.
- 14 ақпан — Германияның Мюнхен қаласындағы Bayerischer Hof қонақ үйінде 61-ші Мюнхен қауіпсіздік конференциясы басталды.
- 29 қаңтар — АҚШ-та Вашингтондағы ұшақ апатынан борттағы 67 адам түгелдей қаза тапты.
- 21 қаңтар — Түркиядағы курортта (суретте) қонақ үйдегі өрттен 79 адам қайтыс болып, 51 адам жараланды.
- 15 қаңтар — Америкалық кинорежиссёр Дэвид Линч 78 жасында дүниеден өтті.
- 15 қаңтар — Израиль мен Хамас атысты тоқтату туралы келісімге келді.
- 15 қаңтар — Оңтүстік Кореяда биліктен шеттетілген президент Юн Сөк Йөл қамауға алынды.
Білгенге маржан
- Apple компаниясының алғашқы логотипінде Исаак Ньютонның суреті болған.
- American Airlines жолаушыларға берілетін салаттың құрамынан зәйтүнді алып тастап, 40 000$ үнемдеген.
- Қазақстан қазақтарының ең көп аттас-тектестер Серік Ахметов және Айзере Серік.
- Лазерлік принтердің алғашқы істейтін прототипі 1972 жылы жасалды.
- Третьяков галереясының ішінде де бір киіз үй бар.
- Гармония тынысын радиодан да естіп алуға болады.
- Хамелеондардың түс өзгерте алуы меланосомалардың әрекетіне байланысты.
25 ақпан
Мерекелер
Оқиғалар
- 1921 — Кеңес Одағында Грузин КСР құрылды.
- 1999 — тәуелсіз Қазақстанда алғашқы халық санағы басталды.
Туғандар
- 1916 — қазақтың тамаша әншісі, кино актері Кәукен Кенжетаев (шын аты Әбдірахым) дүниеге келді.
- 1943 — Джордж Харрисон (29 қараша 2001 жылы қайтыс болды, Лос-Анджелес) – ағылшын рок-музыкант, әнші, композитор, жазушы.
Қайтыс болғандар
- 1938 — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым Санжар Жапарұлы Аспандияров атылды. Толық анықталмаған деректер бойынша, қазақтың үш арысы – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин де осы күні шейіт болған. Кей деректерде Ілияс пен Бейімбет 26 ақпанда атылды деп көрсетіледі.
Ақпан айына ортақ жұмыс
Таңдалмаған. Оны сіз де жасай аласыз!