Мазмұнға өту

Астана (велоклуб)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Pro Team Astana бетінен бағытталды)
 Басқа мағыналар үшін Астана (айрық) деген бетті қараңыз.
Astana Pro Team
Команда туралы мәлімет
UCI коды AST
Орналасуы  Қазақстан
Құрылған жылы 2006
Тәртіптер Велошоссе
Негізгі тұлғалар
Бас менеджері Джузеппе Мартинелли
Команда атауының тарихы
2007 — б.к. Pro Team Astana
Team colours Team colours Team colours
Team colours
 
Командалық форма

«Астана» велоклубы (ағылш. 'Astana Pro Team') — қазақ компаниялар одағының демеушілігімен ұйымдастырылған кәсіби велокоманда (бұрынғы атаулары Liberty Seguros-Würth Team, Würth Team және Astana-Würth Team). Қазіргі таңда UCI Po Tour ұйымының рейтингісі бойынша Әлемде 229 ұпаймен 4-ші орында тұр[1].

25 Мамыр, 2006 ж. дейін бас демеуші болып отырған Liberty Seguros, команданың спорт басшысы Manolo Saiz-бен байланысты болған допинг жанжалы салдарынан, бас демеушіліктен бас тартты.

3 шілде, 2006 ж. дейін команда демеушісі Würth компаниясы (Алмания) болғанымен, команда 2006 ж. Тур де Франс жарысының қатысушылар санынан тыс қалғанынан кейін, бұл да демеушіліктен бас тартуын жариялады.

Команда абыройының асқақтаған кезі 2006 жылғы Испания көпкүндігіндегі қазақ велошабандоздары Александр Винокуров пен Андрей Кашечкиннің 1-ші және 3-ші орын иеленгенде болған.

Александр Винокуров 2006 Вуэльта 1 орын йесi

2007 жылғы Тур де Франста уақыттық-сын (time-trial) этапындағы жеңісінен кейін болғын допинг-тестінен сүрінген Винокуров командасының жетекшілеріне Халықаралық Велоспорт Одағы Астана командасын толықтай жарыстан кетуін сұрады. Сонымен қатар қан алмастырды деп айып тағылған Винокуровтың командалас серіктері Андрей Кашечкин пен неміс Матиас Кеслер (Matthias Kessler) допинг тестерінен сүрінді, осылайша ПроТур ережелеріне сәйкес команданың негізгі жұлдыздары Винокуров пен Кашечкин командадан аластатылды.

2013 жылы команда бас менеджері болып Лондон олимпиадасы чемпионы Александр Винокуров тағайындалады, ал командаға танымал Винченцо Нибали және оның нөкерлері Ликвигаздан Астанаға ауысып, алғашқы ірі жеңіс - Джироны ұтады.

Командалық форма тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Америкалық Леви Лейфеймер 24 ақпанда аяқталған сегіз күндік "Калифорния туры" атты жарыста Астанаға 2008 жылғы алғашқы жеңіс әкелді
  • Дәл осы уақытта біткен Португалияда өткен бес күндік "Альгарве турында" литвалық легионер Томаса Вайткус мәреге 3-ші болып жетті.
  • Басктер елі Туры – Контадор 1-ші келді (Сәуір-2008)
  • Tour de Romandie 5 этаптық жарысында астаналық алман Андреас Клөден 1-ші келді
  • Мамырдың 4-де Про-Тур рейтиңінде Астана командасы 90 ұпаймен алғашқы орында тұр.
  • Маусымның 1-де - Giro d'Italia-2008 турын Контадор жеңіспен аяқтады.
  • Испандық Вуельта-2008 көпкүндігінде - 1-ші, 2-ші орынды Контадор мен Леви алды
  • 2013 жылғы Джиро ди Италияны айқын басымдықпен команда капитаны италиалық Винченсо Нибали ұтып алды

Спорттық директорлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Альберто Контадор, 2010

Команда капитаны Александр Винокуров үшін кәсіби спорттық соңғы жылы Тур де Франсқа қатысып сары жейдені бірнеше күн киіп немесе бір немесе бірнеше этапты жеңу мақсаты тұрған. Жалпы есепте алғашқы ондыққа жақындап келе жатқан ол Тур де Франс 9-шы этапында құлап бел сүйегін сындырып алып, көп ұзамай спорттық мансабын тоқтатқанын мәлімдеді. Осы жағдайда 2006 жылы Қазақстаннның екінші қаһарманы атанған Андрей Кашечкин Астана сапына қайта қосылды. Кашечкин Вуэльтада топ жарам деп мәлімдегенімен, ондағы көрсеткіші тым нашар болды. Осы кезде Вуэльтада швециялық легионер Фредерик Кессякоф, осы жылы Аустрия турын жеңген, жалпы есепте алғашқы үштікке де ілігіп келіп еді (11ші этапта), бірақ қызуы көтеріліп жарыстан шығып қалды.

31 қаңтар күні испанияның Кальпе қаласында «Pro Team Astana» кәсіби велокомандасының 2012 жылғы маусымдағы құрамы таныстырылды. Алтыншы маусымда команданың басшылығы негізгі сенімді Роман Кройцигерге, Янец Брайковичке және команданың лидері Александр Винокуровқа артады. 2012 жылдың ең негізгі мақсаты - Джиро, Тур де Франс пен Вуэльта жарыстарында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу. Дегенмен бір күндік жарыстарда жеңіске жету де мақсаттардың бірі [2].

Спорт арбитраж соты Альберто Кантадорды екі жылға кәсіби спорттан аластады. Аластатылу мерзімі 2010 жылдың тамызынан басталды. Сот шешіміне Кантадордың қанынан тыйым салынған кленбутерол табылғаны негіз болды.Сондықтан испандық шабандоздың 2010 жылы Астана командасының құрамында "Тур де Франс" жарысында жеңген атағы да жойылды. Автоматты түрде "Тур де Франс-2010" жарысының жеңімпазы Андре Шлек болып саналады[3].

Бұл маусымда Александр Винокуров спорттық директор лауазымына көшсе, команда сапында атақты италиандық Винченсо Нибали мен жас қазақ жәстар арасындағы әлем чемпионы - Алексей Луценкомен толысты.[4]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. [1]
  2. Велокоманда «ProTeam Astana» в сезоне-2012 намерена взойти на пьедестал гранд-туров - презентация в Испании Мұрағатталған 3 желтоқсанның 2013 жылы.
  3. Контадора лишили победы на "Тур де Франс" в составе Астаны
  4. Kazakhstan teams lays the foundation for 2013 season