Мазмұнға өту

OpenAI

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
OpenAI
Құрылды

2015

Құрушы

Илон Маск
Сэм Альтман
Илья Суцкевер
Грег Брокман

Орналасуы

 АҚШ: Сан-Франциско, Калифорния

Басты адамдары

Сэм Альтманбас атқарушы директоры
Грег Брокман

Саласы

Жасанды интеллект

Өнімі

DALL-E, GPT-3, GPT-4, OpenAI Five, ChatGPT, OpenAI Codex

Операциялық кірісі

USD 28 млн[1]

Таза табыс

USD 540 млн (2022)[1]

Қызметкерлер саны

770 (2023)

OpenAIжасанды интеллектті дамытуға арналған американдық ғылыми-зерттеу ұйымы. OpenAI жұмысы жасанды интеллектті жалпы адамзатқа пайда әкелетін және зиян келтірмей дамытуға бағытталған. OpenAI "қауіпсіз және пайдалы" күшті жасанды интеллектті дамытуды мақсат етеді, оны ұйым "экономикалық тұрғыдан ең құнды жұмысты орындауда адамнан жоғары автономды жүйелер" деп анықтайды. Осы мақсатқа жету жолында ұйым бірнеше үлкен тілдік модельдер жасады, соның ішінде GPT-4 және ChatGPT.

OpenAI коммерциялық емес ұйымы 2015 жылдың желтоқсанында құрылды; оның тең төрағалары Сэм Альтман мен Илон Маск. Ұйымның және оның коммерциялық еншілес ұйымының негізін қалаушылары мен жетекшілері қатарына жасанды интеллект саласында еңбек ететін ғалымдар мен инженерлер, соның ішінде Илья Суцкевер, Грег Брокман, Тревор Блэквелл, Андрей Карпати және Войцех Заремба да кірді. Ұйым бірқатар ірі инвесторлардан – Y Combinator, Amazon Web Services, Infosys, Рид Хоффман, Джессика Ливингстон және Питер Тильден венчурлық қаржыландыру қабылдады. Сонымен қатар, 2023 жылы OpenAI Microsoft-тан 10 миллиард доллар көлемінде инвестиция тапты.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b OpenAI's Losses Doubled to $540 Million as It Developed ChatGPT (May 4, 2023). — «In 2022, by comparison, revenue was just $28 million, mainly from selling access to its AI software... OpenAI's losses roughly doubled to around $540 million last year as it developed ChatGPT...»