Мазмұнға өту

Ford

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ford Motor Company
Түрі

Көпшілік компания

Биржадағы листингі

NYSE: F

Құрылды

1903 жыл

Құрушы

Генри Форд

Орналасуы

Америка Құрама Штаттары: Дирборн, Мичиган штаты

Саласы

Автомобиль жасау

Өнімі

Жеңіл және коммерциялық автомобильдер:
Ford

Айналым

$151,8 млрд (2016 жыл)

Таза табыс

$6,561 млрд (2010 жыл)

Қызметкерлер саны

164 мың адам (2010 жыл)

Сайты

www.ford.ru
www.ford.com

Ford (Ford Motor Company, Форд Мо́тор Ка́мпани, NYSE: F) — америкалық автокөлік жасайтын компания.

Форд АҚШ-та 2-ші ең ірі автомобиль жасаушы компания (1-ші General Motors). 2010-шы жылдың соңына қарай Форд Европада ең ірі автомобиль құрастырушы компания болды. Fortune Global 500[1] (2011 жылы) компания 10-шы орынды иеленген.

Штаб - пәтері АҚШ-тың Дирборн қаласында, Мичиган штатында орналасқан. 1903 жылы Генри Форд Ford компаниясын ашқан болатын. Компания өз көліктерін "Ford" автомобиль маркасымен шығарады, ал айрықша сәнді көліктерді Lincoln автомобиль маркасымен шығарады.

Генри Форд (ca. 1919)
A 1910 Model T, Salt Lake City

1901 жыл қарашаның 3-інде Генри Форд өзінің Henry Ford Company атты өзінің компаниясын құрады. Бірақ 22 тамыз 1902 жылы компания Cadilac Motor Company ауысты. Одан соң 1903 жылы бизнестің дамуы үшін 12 инвестордан 28,000 $ алады. Бастапқы жылдарда компания Детроит қаласы Мичиган штатында орналасқан және күніне бірнеше ғана автомобиль шығара шығара алған. 1913 жылы конвеерді қолдана бастады.

Логотип тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ford Motor компаниясы 100 жылдан астам уақыт Форд отбасымен басшылықта келе жатыр. Ford Motor Company көпшілік компания, акциялары Нью-Йорк қор биржасында тұрған бағасы белгіленетін компания. 2010 жылы компанияның 40%-ы ғана Форд отбасының меншігі болған.

Автобус Ford B700

Ford компаниясы 3 құрылымға бөлінген: Ford North America, Ford Asia Pacific, Ford of Europe. 2006 жылы Малалли жаңа «Бірыңғай Ford» стратегиясын енгізді. Ford кәсіпорындары (2010 жылы - 80) АҚШта, Ресейде, Канадада, Мексикада, Аргентинада, Испанияда, Қытайда және т.б. елдерде орналасқан.

Қызметінің көрсеткіші

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2009 жылы компания (бақыланбалы компаниялармен бірге) 4,8 млн машина шығарды, оның ішінде Ford Europe - 1,6 млн , Volvo Cars (қазір Ford компаниясының меншігі) - 0,32 млн.[2].

Жалпы қызметкерлер саны - 164 мың адам (2010 жыл), бір жыл бұрын 198 мың адам. 2009 жылғы түсім $118,31 млрд. (2008 жылы - $145,11 млрд), таза табыс - $2,72 млрд.

Ford of Europe штаб-пәтері Брюссельде орналасқан. Президенті - Стивен Оделл. 2010 жылы Ford of Europe 1,57 автомобиль шығарды; 2010 жылы US GAAP бойынша Ford of Europe табысы $29,5 млрд -қа тең.

Модельдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

NASCARдың 3 үлкен серияларының өндірушісі болып табылады: Sprint Cup Series, Nationwide Series және Camping World Truck Series. Негізгі командалары Roush Fenway Racing, Yates Racing және Richard Petty Motorsports.

Форд ралли жарыстарында оның басталғанынан бері, яғни 1973 жылдан бері қатысып жүр. Ford тобында 1979 жылы Ханну Миккола, Бьерн Вальдегард және Ари Ватанен болды.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Fortune Global 500
  2. Ford Motors Company: Annual report’09 Мұрағатталған 20 тамыздың 2010 жылы.}}