7 (сан)
7 - жеті саны, тақ, жай натурал сан.Жеті саны ертеден сиқырлы болып саналады. Вавилондықтар жеті планета бар деп есептеді,олардың ғибадатханалары жеті деңгейлі болды, аптада жеті бар. Көптеген діңдерде жеті саны киелі:еврейлердің балауыз қойғышы, шырағандары, менорлар жетіден, Таурат кітабында жеті саны 500 рет қайталанады. Жеті саны бақытты сан деп санағандықтан ба,мақал-мәтелдерде көп айтылады. Жеті саны көп заттардың аттарында да бар:мысалы,Боинг 747 ұшағы. Жетінші баланың жетінші баласы ерекше күшке ие болады. Жеті-адамзаттың сүйікті саны. Егер кез келген адамға он көлеміндегі санның ішінен бір санды таңда десек, ол міндетті түрде жеті санын таңдайды. Жеті санынан тұратын заттардың тізімі өте ұзын, олардың бәрін адам есіне сақтай бермейді. Міне, енді кітапты аяғына дейін оқып, сіз әлемнің жеті санынан тұратын кереметтерінің атын есіңізде сақтай алар ма екенсіз? Өлімге себепкер болатын жеті күнә:тамақсаулық,жалқаулық,нәсіпқұмарлық,өркөкіректік,ашу,қызғаныштық және сараңдық. Тауратқа теолог Фомо Аквинский күнәкарларға ауыр жаза берілетін күнәлардың ішіндегі ең негізгелерін түсіндіріп жазды. Кемпірқосақтың жеті түсі:жарық-көрінбейтін радиотолқындар мен рентгендік сәулелерге жататын,электромагнит деп аталатын сәуле шығарушы ауқым. Жарық мынадай жеті түстен тұрады:қызыл,қызғылт-сары,сары,жасыл,көгілдір,көк және күлгін. Бұл түстерді жеке тек арнайы жағдайда ғана көруге болады. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскен кезде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады. Кейбір мамандар кемпірқосақта алты түс бар деп есептейді, бірақ оқымысты Исаак Ньютон тағы бір түс-көк түсті қосты. Енді кемпірқосақта жеті түс бар. Жеті құртақан:немістің XIX ғасырда өмір сүрген жазушылары ағайынды Гриммдердің (Якоб пен Вильгельмнің) атақты "Ақшақар мен жеті құртақан" атты ертегілері ертегілер жинағына кіргізілді. 1973 жылы түсірілген Уолт Диснейдің мультфильмінде әрбір құртақанға ат қойылды. Жеті саны туралы:1Адамның жеті жасы (Шекспирдің "Калай сендерге ұнай ма?" пьесасынан) сәби,жылауық,оқушы,ғашық адам,сарбаз,судья, ақымақ және балалық пен ұмытшақтық (өлім). 2Әлемді жаратуға арналған жеті күн (Таурат бойынша):құдай 1-күні жарықты, 2-күні аспанды, 3-күні Жерді, 4-күні Күні,Ай және жұлдыздарды, 5-күні балықтар мен құстарды, 6-күні аңдар мен адамдарды жаратты, ал 7-күні Құдай демалды. 3Аптаның жеті күні:дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. 4Жеті аспан (Ислам дініндегі):күміс, алтын, меруерт, ақ алтын, жақұт, анартас және ғажайып жарық. 5Жеті (Христиан дініндегі):сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші. 6Жеті континент:Африка,Антрактида,Азия,Австралия,Еуропа,Солтүстік және Оңтүстік Америка. 7Гептатлондағы (жетісайыс) спорттың жеті түрі:тосқауылдармен 100 м-ге жүгіру, биіктікке секіру,200 м-ге ату, ұзындыққа секіру, 800 м-ге найза лақтыру.