Қызылтаңдай
Көрініс
Қызылтаңдай (Roemeria) - көкнәр тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Биологиялық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Биіктігі 10-60 см, жапырағы қандауыр пішінді, қауырсын салалы, тілімделген, қарама-қарсы немесе кезекті орналасқан. Гүлі күлгін, ашық қызыл, жеке-жеке орналасқан. Сәуір-маусым айларында гүлдейді.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қызылтаңдайдың Еуропа мен Азияда таралған 9, Ресей мен Қазақстанда тараған 2 түрі кездеседі.
Өсуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қызылтаңдай көбіне тау беткейі, құмды жерлер, бау-бақша, егістік жерлерде арам шөп түрінде өседі. Қызылтаңдайдың құрамында эфедрин, ремерин алколоидтары бар. Бұдан дәрі жасалады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том