Қола
Қола (фр. bronze, итал. bronzo) – мыстың қалайы, алюминий, бериллий, қорғасын, кремний, кадмий, хром, т.б. элементтер (тек мырыш пен никельден өзге) қосылған қорытпасы.
Қола химиялық тәсілдермен бояуға, алтын жалатуға әрі жалтыратуға икемді болғандықтан көне заманнан бері әшекейлік бұйымдар мен мүсіндер құюға пайдаланылып келеді. Қоланың балқу температурасы мыстан төмен әрі берік, өте жақсы құймалық қасиеті бар. Ерте заманда негізінен қалайылы қола пайдаланылса, орта ғасырларда күміс қосылған қола кең тарады.[1]
Алюминийлі қолалардан төлкелер, фланецтер, бағыттауыш ершіктер, тісті доңғалақтар, кремнийлі қоладан әр түрлі аспаптар мен радиоаппаратуралардың жоғары температурада (250 градусқа дейін) және жемір орталарда жұмыс істейтін бөлшектері жасалады. Бериллийлі қола авиацалық құралдардың бөлшектерін жасауға және электрондық техникада пайдаланылады. Қоланың түрлері әріптік-цифрлық белгілер бойынша өрнектеледі. Қазақстанда қалайылы және қалайысыз қолалардың кейбір түрлері (Бр0Ц 4–3, Бр0Ф 6,5–0,15, БрКМц 3–1, БрАМц 9–2) өндіріледі.[2]
Зеңбірек қоласы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Зеңбірек қоласы - цинк, мырыш және қалайының қоспасы. Бұл бу мен тұзды судан пайда болатын коррозияға тұрақты қоланың түрі. Беріктік пен құйма қасиеттеріне байланысты зеңбірек қоланы 2000 жылдай қолданып жатыр. Қоланы мойынтіректер, төлкелер, сорғылар мен олардың тетіктерін, клапандарды, бағыттаушы клапандарын және мүсіндер жасауда қолданады. Ұлыбританияда Бобби Мур мен Нельсон Манделаның мүсіндері зеңбірек қоладан жасалған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
- ↑ Қазақ энциклопедиясы