Эрбиль

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Эрбиль
Үлгі:Lang-kur
Әкімшілігі
Ел

 Ирак

Басшысы

Нихад Латиф Қожа

Тарихы мен географиясы
Координаттары

36°11′28″ с. е. 44°00′34″ ш. б. / 36.19111° с. е. 44.00944° ш. б. / 36.19111; 44.00944 (G) (O) (Я)Координаттар: 36°11′28″ с. е. 44°00′34″ ш. б. / 36.19111° с. е. 44.00944° ш. б. / 36.19111; 44.00944 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

б.з.д. 1975 ж.

Жер аумағы

12 000 км²

Орталығының биiктігі

420 м

Уақыт белдеуі

UTC+3

Тұрғындары
Тұрғыны

846 000 адам (2015)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

964 66

Пошта индексі

44001

Эрбиль картада
Эрбиль
Эрбиль

Эрбиль (Ербіл') (Akkadian: Arba-ilu; араб.: اربيلArbīl; күртше: Үлгі:Script/Arabic Hewlêr; Sumerian: Urbilum; Syriac-Aramaic: ܐܪܒܝܠ Arbaelo; түр. Erbil) — Ирактағы Бағдат, Басра және Мосулдан кейінгі төртінші ірі қаласы.[1] Эрбиль Мосул қаласынан 80 шақырым Шығысқа қарай орналасқан, Ирақ Күрдістаны астанасы болып табылады.

Қала тарихы б.з.б. 6000 жылдардан басталады,[2] сол үшінде әлемдегі ең көне қалалардың бірі болып табылады.[2] Қала орталығында көне Эрбиль цитаделі жатыр. Қала талай аймақтық ірі күштердің қол астында болған:Ассирия, Вавилония, Парсы империясы, Аббасид халифаты, және Осман империясы. Қала мұражайында Исламға дейінгі көптеген көне артефакттары бар, ал қала аймақтық археологиялық қазба орталығында орналасқан.

Орта ғасырлардағы тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мосул Атабектігінің әкімлерінен Зейнеддин Али Күчүк ибн Бегтегин тарапынан құрылған Бег-Тегиноғұллары мемлекетінің астанасы Эрбиль болып табылады. Түрікмен қолбасшысы болған Зейнеддин Али Күчүк 1131 жылы Эрбильді өз билігіне қаратады. 1146 жылы Бег-Тегиноғұллары мемлекеті Эрбиль, Шехрезур, Тикрит, Синжар, Мосул және Харран қалаларын қамтыған Солтүстік Ирак және Оңтүстік Анатолыда құрылған бір мемлекет.

Зейнеддин Али Күчүк Мосул Атабектігінен Имадеддин Зенгинің қолбасшыларының бірі ретінде 1144 жылы Мосул әкімі болып тағайындалған еді. 1168 жылы Зейнеддин Али Күчүктің қайтыс болуымен орнын 14 жастағы Музафферуддин Көк-Бөрі алады. Музафферуддин Көк-Бөрі Мосул Атабегі екінші Сейфеддин Газидің қызметіне кіреді. Осы қызметінің қарымжысы ретінде Харран аймағын оған береді. Одан кейін Музафферуддин Көк-Бөрі Селахаддин Ейубиге қарасты болады және оның қарындасымен үйленеді. Селахаддин Ейуби де оған Урма мен Самсаттың басқаруын береді. Музафферуддин Көк-Бөрі Селахаддин Ейуби қызыл кресттің Анатолыға қарсы жасаған шабуылында Сирия мен Палестинаның қорғалуында маңызды рол ойнайды. Түркия Селжұқ мемлекетіне қарасты болған Музафферуддин Көк-Бөрі 1190 жылы жоғалтқан билігін қайтарып алады. 1193 жылы Селахаддин Ейуби қайтыс болғанға дейін Ейубиге қарасты болған Музафферуддин Көк-Бөрі алдымен Зенгилердің Мосул тармағын әлсіретуге тарысады. Бұл жөнінде Ейубилермен бірге аттанысқа кіріседі. Сондай-ақ Ахмедилилер және Алааддин Қарамен бірлесе отырып, Илдениз Атабегі Ебубекир ибн Пехливанның басқаруындағы Әзірбайжанға бет алады. Бұл әрекетте табысты бола алмайды. Кейін келе кеңейту саясатын ұстанған Ейубилерді қауіп-қатер ретінде көре бастайды және оларға қарсы болған одақтастар қатарында орын алады. 1220 жылы моңғол шапқыншылығымен бетпе-бет келген Музафферуддин Көк-Бөрі Желаледиин Харезмшахқа қарасты болады. Алайда еліне моңғолдар тарапынан жасалған талан-таражыларды тоса алмайды. 1232 жылы Эрбильде қайтыс болған Музафферуддин Көк-Бөрі өз кіндігінен ұлы болмағандықтан елінің басқаруын Аббаси Халифаларына берілуін өсиет етеді. Осыған сай қайтыс болған соң Бағдаттағы Аббаси Халифаларының қарулы күштері Эрбильге келіп, қаланы тапсырып алады.

Эрбиль қаласын қайтадан салған Музафферуддин Көк-Бөрі мәдениет және егін шаруашылығымен қатар құрған әлеуметтік жәрдем қоғамдары арқылы назар аударады. Эрбильге мешіттер, медреселер және ауруханалар салғызады. Осы еңбектердің қаржыларын қамтамасыз ету үшін қорлар құрады. Эрбиль қаласының қорғандарын жөндетеді. Базарлар салғызып, көшелерді реттеп, Эрбильді үлкен қалаға айналдырады.

Эрбиль Атабектігінің орталығы болған Эрбильде әлі сақталған Музафферуддин Көк-Бөрі мұрасы бар. Мәдениет және көркемөнер орталығы болған Эрбильде жасалған ең үлкен іс-шаралардың бірі де Ислам дінінің пайғамбары Әзіреті Мұхаммедтің дүниеге келген күнінің, яғни Мевлиди Небевидің салтанатты мерәсіммен құттықталуы еді.

Музафферуддин Көк-Бөрі ғалымдарға, ақындарға және әдебиетшілерге қамқорлық жасаған. Оның қолдауымен Ел-Мүбарак ибн Ахмет Ел-Мүстевфи 4 томдық «Эрбиль тарихы» деген еңбек жазды. Әйгілі тарихшы Шемс Ед-дин Ахмед ибн Халликан мен жанұясы да Музафферуддин Көк-Бөрі қамқорлығында еді. Ибн Халликан Вефеятул Айын деген еңбекті Музафферуддин Көк-Бөрінің сарайында жазады. Музафферуддин Көк-Бөрі құрған әлеуметтік қоғамдармен қатар Қызыл кресттің қолындағы тұтқындарды төлемақымен құтқару арқылы даңқы шығады. Музафферуддин Көк-Бөрі Эрбильде ауруханалармен бірге жесір әйелдерді қорғайтын қамқор үйдерін, жетім балалар тұратын жетімханалар салғызады.

9-шы ғасырдан бастап бір түрік елі бола бастаған Ирак территориялары 1534 жылы Османлы территориясына қосылады. Сондай-ақ Ирак 1918 жылы қараша айының 8-ші күніне дейін Османлы мемлекетінің бір уәлаяты ретінде қалады. Осы кезде Ұлыбритания жаулауына душар болған Иракта Мосул, Киркук және Эрбиль уәлаяттары Түркия мен Ұлыбритания арасындағы талас-тартыс тақырыбы болады. 1932 жылға дейін Ұлыбритания жаулауы астында қалған Иракта кейін келе корольдік жарияланады. Эрбиль қаласы Киркукке, Ханекин қаласы Бағдатқа қарасты болады. 1957 жылдан осы таңға дейінгі процесс ішінде Ирак әкімшілігі түріктердің елдімекен жүйесін өзгертіп, аймақтың демографиялық жағдайының бұзылуы үшін атсалысады. 1957 жылы түрікмендер өмір сүрген уәлаяттар Мосул, Киркук, Эрбиль және Дияле қалалары еді. Бағдатта да Эрбиль қаласындағыдай түрік саны бар болатын. 1976 жылынан кейін Ирактағы әкімшілік жүйесі өзгеріп, жаңа уәлаяттар жарыққа шығады. Яғни Ирактың уәлаят саны 18-ге көбейеді. Ирак түріктеріне бағытталған саяси ойындар Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның Иракты жаулап алуынан кейін тіпті де қанат жаяды. Бұл саяси ойындар түрік қаласы болған Киркук, Мосул, Эрбиль, Сүлеймание және Самарра қалаларында әлі де жалғасты ойналуда.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Largest Cities in Iraq. mongabay.com (1 қаңтар 2002). Тексерілді, 26 қаңтар 2009.
  2. a b Czech archaeologists uncover Stone Age tools in Arbil, Iraq. Radio Prague (17-03-2010). Тексерілді, 8 желтоқсан 2010.