Эпифиттер
Эпифиттер (гр. ἐπι- — «басқа» және Үлгі:Lang-el2 — «өсімдіктер») – тіршілігінің тұтас бір кезеңін топырақпен байланыссыз, басқа өсімдік қабығының бетінде өткізетін өсімдіктер.[1] Эпифиттердің паразит өсімдіктерден айырмашылығы қоректік заттарды өзі мекендеген өсімдіктен емес, қоршаған ортадан алады. Эпифиттер дамуын ағаш үстінде бастайды да, көп ұзамай ұзын қосалқы тамырлары дамып, солар арқылы топырақтан су мен минералды тұздарды сіңіреді. Тіршілігінің көп уақытын ағаш қабығы бетінде өткізетін Эпифиттерге көбіне су, минералды тұздар жетіспейді, сондықтан Эпифиттерде су, қорек алуға арналған әр түрлі бейімдеушіліктер байқалады. Мыс., кеуекті тамырларының болуы. Кейбір Эпифиттердің тамырлары жоғары қарай өсіп, шырматылып себет тәрізді қалыптасады. Оған шаң-тозаң, жапырақ жиналып, өсімдік тамырлары қоректенетін топырақ пайда болады. Түтік тәрізді жапырақтарында шұңқырлары бар, мұнда өсімдікке қажетті су жиналады. Эпифиттер барлық өсімдік топтарында кездеседі. Дегенмен гүлді өсімдіктерге жататын өкілдері жоқтың қасы. Ондай Эпифиттерден тек Америка ормандарында кездесетін Tіllandsіa туысын атауға болады. Эпифиттерге мүктер, қына және балдырлардың көптеген түрлерін жатады. Олар негізінен ағаш қабықтарында кездеседі. Ал өсімдік жапырағын мекендейтін Эпифиттер эпифиллалар деп аталады.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |