Мазмұнға өту

Шанз-Элизе

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
8ші ауд
Шанз-Элизе
даңғылы
Ауданы 8-ші
Кварталы Шанз-Элизе. Фобур-дю-Роул.
Көшенің басы Келісім алаңы (Place de la Concorde)
Көшенің аяғы Шарль де Голль алаңы (Place Charles de Gaulle)
Ұзындығы 1910 м
Кеңдігі 70 м
Құрылған жылы 1670
Атауы берілген жылы 2 мамыр 1864
Салтанат қақпасынан Шанз-Элизе көшесіне қарай көрініс

Шанз-Элизе немесе Елисей алаңдары (фр. avenue des Champs-Élysées немесе les Champs-Élysées, немесе тек les Champs) — Париж қаласындағы VIII округінің басты магистральдарының бірі. Шарз-Элизе даңғылы Конкорда (Келісім) алаңынан басталып Салтанат қақпасына дейін созылған. Ұзындығы - 1915 м, ені - 71 м.

Келісім алаңынан Салтанант қақпасынан қарай көрініс.
Шанз-Элизе (Салтанант қақпасынан көрініс)

Шарль де Голль алаңынан (Салтанат қақпасына дейін, "Этуаль" алаңы) басталатын даңғылдың жоғарғы бөлігінде көптеген кинотеатрлар, сәнді бутиктер мен дүкендер орналасқан.

Келісім алаңына дейін апаратын даңғылдың төменгі бөлігі бақшалармен қоршалған және бірнеше сәулетті қоғамдық ғимараттар орналасқан.

Елисей алаңдары Париждің тарихи осінің бөлігі болып саналады. Ол Тюильри бақшаларынан басталып, Лувр мұражайына дейін жалғасады.

  • Шанз-Элизе көшесіне Джо Дассеннің әлемге әйгілі өлеңі арналған «Champs-Élysées»: «Шуақты күнде де, жаңбырда да, түсте де, түн ортасында да, сіз қалағаныңыздың барлығы Елисей алаңында бар».
« Au soleil, sous la pluie, à midi ou à minuit

Il y a tout ce que vous voulez aux Champs-Elysées

»
Елисей алаңында

Елесей алаңдары Тур де Франс-тың соңғы кезеңінің мәресі болып табылады. Сонымен қатар, ақырғы марапаттау рәсімі Салтанат қақпасының жаныңда өтеді, сондықтан да Елисей алаңы әлем велоспортының әйгілі орынына айналды.

Атақты тұрғындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Координаттар: 48°52′11″ с. е. 2°18′27″ ш. б. / 48.86972° с. е. 2.30750° ш. б. / 48.86972; 2.30750 (G) (O) (Я)