Мазмұнға өту

Шамшат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Beech
European beech (Fagus sylvatica)
European beech (Fagus sylvatica)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Core eudicots
Сабы: Fagales
Тұқымдасы: Fagaceae
Тегі: Fagus
Карл Линней

Шамшат (лат. Fagus) — қос жарнақты өсімдіктер; таксономиялық жіктелім бойынша — қатар. Дүние жүзінде қоңыржай, тропиктік және субтропиктік аймақтарда (тек Оңтүстік Африканың тропиктік аймағында кездеспейді) өседі.


Бұл қатарға қайың тұқымдасы және шамшат тұқымдасы, 7 — 9 туыс, 600-дей (кейбір деректер бойынша 1000-нан аса) түрлер жатады. Қазба қалдықтары бор кезеңінен белгілі. Шамшаттар — бір үйлі (сирек екі үйлі) ағаштар. Биіктігі 50 м-ден, діңінің жуандығы 2 м-ден асады. Дің қабығы тегіс, сұр түсті, көпшілігі — жапырақ тастайтын ағаш. Гүлі дара жынысты. Аталық гүлінде 6 — 12 аталық, аналық гүлінде 1 аналығы болады, олар жеке-жеке орналасады. Гүлшоғыры бір немесе бірнеше гүлден құралады. Жапырағы бүр жарғанда гүлдейді. Желмен тозаңданады. Жемісі (жаңғағы) шошқажаңғақ тәрізді болады. Шамшаттарды елді мекендерді көгалдандыру үшін, орман шамшатында ағаштарды қорғау үшін отырғызады; сүрегі мықты, сондықтан ағаш бұйымдарын жасауда қолданылады. Жемісінде улы алкалоидфагин болады, ол жемісін қуырғанда жойылып кетеді, сондықтан жемісінен тағамдық және техникалық май алынады; күнжарасы шошқаға беріледі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім