Мазмұнға өту

Тигр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тигр
Сипаттамасы
Ұзындығы 1850 км
Су алабының
ауданы
375 км²
Су ағысы
Бастауы Армения таулы қыраты
 • Координаттары 38°20′48″ с. е. 40°01′30″ ш. б. / 38.34667° с. е. 40.02500° ш. б. / 38.34667; 40.02500 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Парсы шығанағына құятын Шатт-әл-Араб өзенін құрайды.
 • Координаттары 31°00′16″ с. е. 47°26′32″ ш. б. / 31.00444° с. е. 47.44222° ш. б. / 31.00444; 47.44222 (G) (O) (Я)Координаттар: 31°00′16″ с. е. 47°26′32″ ш. б. / 31.00444° с. е. 47.44222° ш. б. / 31.00444; 47.44222 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Түркия, Сирия, Ирак

ТигрТүркия, Сирия және Ирак жеріндегі өзен. Ұзындығы 1850 км, су жиналатын алабы 375 мың км². Бастауын Армения таулы қыратынан алып, орта және төменгі ағысында Джезире үстірті мен Месопотамия ойпаты арқылы ағады. Әл-Құрна қаласы түбінде Евфрат өзенімен қосылып, Парсы шығанағына құятын Шатт-әл-Араб өзенін құрайды. Негізгі салалары – Үлкен және Кіші Заб, Дияла, Керхе. Жылдық орташа су ағымы Бағдат қаласы тұсында 1240 m³/с. Негізінен қар және жаңбыр суымен толығады. Өзен бойында Мосул бөгені салынған. Бағдатқа дейін (суы мол маусымда Мосул қаласына дейін) кеме қатынайды. Жағалауында Диярбақыр (Түркия), Мосул, Бағдат, Құт-әл-Амара, Амара, Әл-Құрна, (Ирак) т.б. қалалар орналасқан. Тигр мен Евфрат өзендері аралығы (Месопотамия)– әлемдегі ең көне өркениет орталық (Ассирия, Вавилон мемлекеттері) болған. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 8 том