Таксила
Көрініс
Taxila* | |
---|---|
UNESCO World Heritage Site | |
State Party | Пәкістан |
Type | Cultural |
Criteria | iii, vi |
Reference | 139 |
Region** | Азия-Тынық мұхиты |
Inscription history | |
Inscription | 1980 (4th Session) |
* Name as inscribed on World Heritage List. ** Region as classified by UNESCO. |
Таксила (урду: ٹیکسلا, تاکشیلا, деванагари: तक्षशिला) — Пәкістан территориясында біздің дәуірімізге дейінгі V ғасыр мен біздің дәуіріміздің бірінші ғасырлары арасында бірін-бірі алмастырған үш қаланың (олардың қазіргі аттары — Бхир Моунд, Сиркап және Сирсук) жалпы аты. Егер де Бхир Моунд (біздің дәуірімізге дейінгі V—II ғасырлар) ретсіз салынған құрылыстар шоғыры ғана болса, Сиркап (біздің дәуірімізге дейінгі II ғасыр — біздің дәуіріміздің I ғасыры) солтүстіктен оңтүстікке қарай тартылған басты, көне көшенің екі жағынан жоспарлы түрде орналасқан болатын, ол көшеден бүйірге қарай тік тартылған көлденең көшелер шығатын. Басты көшеге жақын маңға, тұрғын кварталдардың дәл ортасына діни құрылыстар орналасқан[1].
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Біздің заманымызға дейінгі 2 ғасырдағы Таксиладан монетасы
-
Гелиодор бағаны жазуы бойынша үнді-грек патшасы Антиальцид шамамен б.з.д. 100 жылдары Таксилада билік құрған
-
Джаулиан, Таксиладағы Дүниежүзілік мұра сайты
-
Мазмұны бар Джаули күмісі буддалық реликварий. Британ мұражайы.
-
Дхармаражика ступасы, Таксила
-
Сиркаптағы ступа базасы, индуизм, будда және грек ғибадатханадарымен безендірілген
-
Таксиладағы ступа
-
Таксила монетасы, б.з.д. 200–100 жж. Британ мұражайы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия өнері. — Алматы: Өнер, 1990. ISBN 5-89840-221-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |