Мазмұнға өту

Стрелиция

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Стрелиция

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
(unranked) Commelinids
Сабы: Zingiberales
Тұқымдасы: Strelitziaceae
Тегі: Strelitzia
Ait.
түрлері

5 түрі белгілі

Стрелиция (лат. Strelitzia) – Стрелицияның отаны – Оңтүстік Америка. Стрелиция өзінің ерекше гүлімен күллі әлемді жаулап алды деуге болады. Оның атауы ағылшындық ханшайым Шарлотт- Софиидың құрметіне қойылған. Стрелиция мәңгіжасыл шөптесін өсімдік. Бойының биіктігі екі метрге дейін жетеді. Гүлдері құстың бас пішініне ұқсайтындықтан, оны кейде «Бақыт құсы» деп атайды. Флорашы мамандар гүлдерін қырқып, гүлшоғыр жасауға жиі қолданады. Себебі, кесілген гүлдері әдемілігімен қатар, бір айға дейін солмай, жақсы қалпын сақтай алады. Жапырақтары жасыл түсті, сопақ пішінді, ұзындығы 40 см.

Жарық жерде өсіру керек. Шаңқай түстегіден бөлек, ертеңгілік және кешкілік тік түскен күн сәулелері зиян келтірмейді, қайта пайдалы.

Қыс айларында 14-15°C болғаны абзал.

Суғарылуы:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жазда топырағын үнемі ылғалдылықта сақтау үшін жиі әрі молынан суғару керек. Қыста сирек суғарады, бірақ топырағының құрғап кетпеуін қадағалау қажет.

Ылғалдылығы:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жылы сумен уақтылы су бүркіп тұрған пайдалы.

Қоректендірілуі:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Наурыз айынан тамыз айына дейін арнайы гүлдейтін гүлдерге арналған сұйық тыңайтқышпен қоректендіру қажет.

Трипстер мен кене зақымдайды. Дұрыс күтім жасалмаған жағдайда қоңыр дақтар пайда болады.

Көбейтілуі:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көктемде тұқымы арқылы немесе қайта отырғызу кезінде түбін бөлу арқылы көбейтуге болады.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727