Соқырлық
Соқырлық – екі көздің көру қабілетінің мүлдем жойылуы; адамның жарық пен қараңғыны ажырата алмауы. Соқырлықтың өндірістік және кәсіби түрлері бар. Мысалы, көздің көру қабілеті оптикалық аспаптар (көзілдірік, т.б.) қолданудың көмегі тимейтіндей дәрежеде кемісе – өндірістік, ал адам өз мамандығы бойынша дағдылы жұмысын атқара алмаса – кәсіби Соқырлық деп аталады. Соқырлықтың іштен туа біткен және жүре пайда болатын түрлері болады. Іштен туа біткен Соқырлық мидың кейбір бөлімдерінің, көру жүйкелерінің және көздің торлы қабығының жұмысының бұзылуынан дамиды. Жүре пайда болатын Соқырлық көз ауруларының (суқараңғы, трахома, кератит, т.б.) немесе түрлі жұқпалы аурулардың асқынуынан, сондай-ақ көз алмасының жарақаттануынан болады. Бұл ауру 10 жасқа дейінгі балаларда, 50-ден асқан адамдарда жиі кездеседі.[1] Маньчжур тілінде «соги» немесе «сохи» тұлғалы сөздер біздің түсінігіміздегі «ластау», «қоқым түсу» сияқты мағыналарда қолданылады. Бұл сөздер, әсіресе, көзбен байланысты жиі айтылады. Сондай-ақ «күңгірттену» мағынасы да сол тұлғалар арқылы беріледі. Маньчжурларға бұл тұлғалар моңғолдардан ауысқандығы белгіленген. моңғол, бурят тілдерінде «көзден айырылу» түсінігін «сохрь», «сохорто» сөздері береді. Түркі тілдерінің ішінде якуттарда ғана «қиқым түскен», «ластанған» сияқты мағыналарды «сыыһыр» сезі береді.[2]
Пайдаланылған cілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
- ↑ Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |