Мазмұнға өту

Сократес

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сократес Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Сократес Бразилейро Сампайо де Соуза Виейра де Оливейра

Лақап аттары

Доктор Сократес[1], Алтын өкше[2]

Туған күні

19 ақпан 1954 (1954-02-19)

Туған жері

Белен, Пара штаты, Бразилия

Қайтыс болған күні

4 желтоқсан 2011 (2011-12-04) (57 жас)

Азаматтығы

Бразилия Бразилия

Бойы

192

Позиция

жартылай қорғаушы

Жастар клубы
Бразилия Рано де Оуро
Бразилия Колежио Мариста
1971—1974 Бразилия Ботафого (Рибейран-Прету)
Клуб карьерасы[* 1]
1974—1978 Бразилия Ботафого (Рибейран-Прету) 57 (24)
1978—1984 Бразилия Коринтианс 297 (172)
1984—1985 Италия Фиорентина 25 (6)
1986—1987 Бразилия Фламенго 20 (5)
1988—1989 Бразилия Сантос 5 (2)
1989 Бразилия Ботафого (Рибейран-Прету) 0 (0)
2004 Бразилия Гарфорт Таун 1 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
1979—1986 Бразилия Бразилия 63 (25)
Бапкерлік карьерасы
1990 Бразилия Ботафого (Рибейран-Прету)
1996 Бразилия ЛДУ Кито
1999 Бразилия Каболфренсе
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Сократес Бразилейру Сампайу ди Соза Виейра ди Оливейра (порт. Sócrates Brasileiro Sampaio de Souza Vieira de Oliveira; 19 ақпан 1954 жыл, Белен — 4 желтоқсан 2011 жыл, Сан-Паулу[3]) — бразилиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 1982 және 1986 жылғы әлем чемпионаттарында ұлттық құраманың капитаны ретінде ойнаған.

Биографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сократестің алғаш ойнаған клубы — «Рано де Оуро». Бірақ әкесі мұның футболмен айналысуына қарсы болды. Сократес медициналық білім ала жүріп отбасынан жасырынып ойнауға мәжбүр болған. 1971 жылы 17 жасында жергілікті "Ботафого" сапында ойнай бастады. Бұл клубта 7 жылдай доп тепті, оқып жүріп кәсіпқой футболда ойнау оңайға соққан жоқ, сонысына қарамастан 1976 жылы Сан-Паулу штатының үздік мергені атанды.

1978 жылы дипломын алды да, "Коринтиансқа" ауысты. Бір жылдан соң ұлттық құрамадағы алғашқы кездесуін өткізді.

Сократес Еуропада бір жыл ғана доп тепті, 1984 жылы "Фиорентинаға" ауысты да, бір жылдан соң отанына қайта оралды. Кейін бірнеше бразилиялық клубтарда ойнап, 1989 жылы футболшылық карьреарсын аяқтады.

Ұлттық құрама сапында екі рет әлем чемпионатына (1982, 1986) қатысты. 1986 жылы ширек финалда Бразилия футболшылары Франциядан пенальти тебісуден ұтылып қалды да, Сократес сол кездесуден соң-ақ құрамадағы карьерасына нүкте қойды.

2004 жылы 50 жасында Англияның төменгі лигаларының бірінде ойнайтын "Гарфорт Таун" клубында бірнеше ай ойыншы-бапкер ретінде қызмет атқарды. Бірақ 12 минут қана алаңда доп тепті.

1994 жылы әлем чемпионатына қатысқан бразилиялық футболшы Раидың туған ағасы.

2011 жылы 4 желтоқсанда 57 жасында ауруханада көз жұмды.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Сан-Паулу штатының чемпионы: 1979, 1982, 1983
  • Рио жүлдесінің иегері: 1986
  • Рио-де-Жанейро штатының чемпионы: 1986
  • Сан-Паулу штатының үздік мергені: 1976
  • Оңтүстік Американың үздік футболшысы: 1983

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]