Мазмұнға өту

Селенга (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Селенга – Монғолия және Ресейдің Бурят Республикасы территориясындағы өзен, Идэр және Муран өзендерінің қосылуынан құралып, Байкөл көліне атырау жасай (көлге құятын өзендер суының ½-і Селенга үлесіне келеді) құяды. Идэр өзенінің басталар жерінен Селенганың ұзындығы 1024 км (409 км-дейі КСРО жерімен өтеді), алабы 447 мың. Негізгі салалары: Эгин-Гол, Орхон (МХР), Джида, Чикой, Хилок, Уда (КСРО). Селенга негізінен жазық өңірлерді басып ағады. Су деңгейінің жоғарғы кезеңі жаз және күзге (жаңбырға байланысты) келеді. Орташа су шығыны МХР және КСРО шекарасында 310 /сек , атырауында 935 /сек. Қарашада қатып, сәуіргде мұзы кетеді. Сухэ-Батор (МХР) қ-на дейін тұрақты кеме қатынасы бар. Селенга жағалауында Бурятияның астанасы Улан-Удэ қ. орналасқан.[1]

  1. Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев