Саз
Көрініс
Басқа мағыналар үшін Саз (айрық) деген бетті қараңыз.
Саздар [1]— құрамының басым көпшілігін сазды минералдар құрайтын, дәнекерленіп қатаймаған шөгінді тау жыныстар.[2]
- тау жынысы саздарға жатқызылуы үшін оның құрайтын түйірлердің кем дегенде 30 пайызы диаметрі 0,005 мм-ден аспайтын тозаңдар түрінде болуы шарт.
- Аққыштык қасиеті бар, сумен араластырылған ұнтағы қамырға ұқсайтын массалар құрайды және мұндай массалар кепкеннен кейін де өз пішінін сақтап қала алады.
- Күйдірілген саздар қатты және берік тастақ күйге ауысады. Жаратылыс жағдайына (генезисіне) орай сынықты және химиялық саздарды даралауға болады;
Саздар[3] — батпақтар немесе грунт суларымен ылғалданатын ылғал шалғындар (Орта Азияның таулары мен тауалды өңірлеріндегі).
Cаздың түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Каолонитті саздар. Негізінен каолин минералынан тұратын саздар; әдетте ашық түсті (ақшыл, ашық сұр, сұрғылт түсті) болып келеді, суда көмпиіп ісінбейді.
- Карбонатты саздар. құрамының 75 %-дан астамы сазды минералдардан, қалған бөлігі карбонаттардан тұратын шөгінді тау жынысытар. Карбонаттар пелитоморфтық түйірлер, ірі кристалды агрегаттар және сферолиттер түрінде ұшырасады. Әр типті су алаптарында түзіле алады, алайда көбінесе теңіздік түзілімдерде ұшырасады.
- Континенттік саздар. Теңіздерден тыс өңірлерде, яғни құрлықтарда немесе құрлықтарға тән саязсулы алаптар түбінде түзілетін саздардың жиынтық атауы; көл саздары, батпақсаздары, өзен саздары ұшырасуы ықтимал; мұздық саздары, эолдық (жел әрекеті нәтижесінде түзілген) саздар, пролювийлік саздар, делювийлік саздар деген түсініктер де ұшырасады.
- Лагуна саздары. Лагуналарда түзілген саздар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
- ↑ Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |