Мазмұнға өту

Ромарио

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ромарио Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Ромарио де Соуза Фария

Туған күні

29 қаңтар 1966 (1966-01-29) (58 жас)

Азаматтығы

Бразилия

Бойы

169

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Бразилия Америка РЖ

Қызметі

спорт директоры

Жастар клубы
1979—1980 Бразилия Олария
1981—1985 Бразилия Васко да Гама
Клуб карьерасы[* 1]
1985—1988 Бразилия Васко да Гама 47 (17)
1988—1993 Нидерланд ПСВ 109 (98)
1993—1994 Испания Барселона 46 (34)
1995—1999 Бразилия Фламенго 62 (37)
1996—1997  Испания Валенсия 11 (5)
2000—2001 Бразилия Васко да Гама 46 (41)
2002—2004 Бразилия Флуминенсе 60 (34)
2003  Қатар Әл-Садд 3 (0)
2005—2006 Бразилия Васко да Гама 32 (24)
2006 АҚШ Майами 25 (19)
2006 Аустралия Аделаида Юнайтед 4 (1)
2007 Бразилия Васко да Гама 6 (3)
2009 Бразилия Америка РЖ 1 (0)
1985—2009 Барлығы 452 (313)
Ұлттық құрамы[* 2]
1985 Бразилия Бразилия-20 11 (11)
1987—2005  Бразилия 70 (55)
1988 Бразилия Бразилия (олимп.) 8 (8)
2005 Бразилия Бразилия (жағажай) ? (?)
Бапкерлік карьерасы
2007—2008 Бразилия Васко да Гама
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Ромарио де Соуза Фария[1] (порт. Romário de Souza Faria; 29 қаңтар 1966, Рио-де-Жанейро, Бразилия) — бразилиялық футболшы, шабуылшы, бүгінде саясаткер. 2015 жылдың 1 ақпанынан бері Рио--де-Жанейро штатын Бразилияның федералды кеңесінің сенаторы.

Футболшы туралы фактілер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1994 жылы әлем чемпионы атанды. 1994 жылғы әлем біріншілігінде бес гол соқты.
  • Бүгінде саясаткер. 2010 жылы Бразилия Социалистің партиясының атынан Ұлттық конгрестің төменгі палата мүшесі боп сайланды. 2015 жылы 1 ақпаннан бастап Рио-де-Жанейро штатының атынан Бразилияның федеральды сенаторы. Мерзімі 2023 жылға дейін.
  • 2007 жылы 21 мамырда өзінің есептеуінше карьерасындағы 1000-шы голды енгізді. Бірақ бұл ФИФА тарапынан мойындалған жоқ. Себебі ол 1000 голдың ішінде жастар клубында соққан голдары мен клубтық командалардағы жолдастық ойындарда (клубтық командалардың жолдастық кездесулері ресми саналған емес) енгізген доптары да бар.
  • Ромарионың 1000-шы голы соғылған Дуки-ди-Кашиастағы 10000 адамдық стадионға футболшының аты берілген.
  • 2009 жылы 43 жасында "Америка Рио-де-Жанейро" клубында ойнап жүріп карьерасын аяқтады.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Васко да Гама

  • Кариока лигасының чемпионы (2): 1987, 1988
  • Меркосур кубогы (1): 2000
  • Бразилия чемпионы (1): 2000

ПСВ

  • Нидерланд чемпионы (3): 1988/89, 1990/91, 1991/92
  • Нидерланд кубогы (2): 1988/89, 1989/90

Барселона (2):

  • Испания чемпионы 1992/93, 1993/94
  • Испания суперкубогы (1): 1994

Фламенго

  • Кариока лигасының жеңімпазы (2): 1996, 1999
  • Гуанабара кубогы (2): 1995, 1996
  • Алтын кубок иегері (1): 1996
  • Меркосур кубогы (1): 1999
Әл-Садд
  • Катар чемпионы (1): 2003/04

Бразилия

  • Әлем чемпионы 1994
  • Оңт. Америка чемпионы: 1989, 1997
  • Конфедерациялар кубогы: 1997
  • Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері: 1988
  • Нидерландыдағы жыл футболшысы: 1989
  • Әлем чемпионатының үздік ойыншысы: 1994
  • ФИФА жыл ойыншысы: 1994
  • Оңтүстік Америка жыл футболшысы: 2000
  • Бразилияның үздік футболшысы: 2000
  • ФИФА 100

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Кей жерлерде португалша нұсқа бойыншаРомариу ди Соза Фария.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]