Подкастинг
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Подкастинг (англ. podcasting, екі сөзден тұрады - iPod (Apple портативті ойнатқышы) және broadcasting (хабар тарату). Бұл
Интернетте радио және теледидарлық хабарлар стилінде аудио және видео файлдарды жасау және тарату процесі. Подкастинг нәтижесінде алынған
өнімнің өзі подкаст деп аталады. Әдетте, Подкасттар белгілі бір тақырыпта жасалады және жариялау жиілігі бар, мысалы, аптасына бір рет. Бұл термин алғаш 2004 жылы қолданылды, содан кейін бірінші подкаст пайда болды.
ТАРИХЫ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Подкасттардың пайда болуына бірнеше технологияның таралуы ықпал етті: RSS, MP3 аудио формат және сандық аудиоплейрлары. Алғаш рет 2004 жылы тамызда Адам Карри подкастингті RSS көмегімен автоматты түрде жаңа аудио файлдарды жүктейтін бағдарламаға код жазғаннан кейін қолданды. Файлдарды компьютерде ойнатуға немесе портативті MP3 аудиоплейерінде тындауға болады.
ТЕРМИНОЛОГИЯ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл терминді алғаш рет британдық журналист Бен Хаммерсли 2004 жылы 12 ақпанда The Guardian газетінің «Телевизия саласында» бөліміне арналған «Дыбыс революциясы» мақаласында қолданды.
ЖАСАЛУЫ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Автор идеяны, тақырыпты анықтайды және қысқа жоспар жасайды. Содан соң жабдықты дайындайды. Осыдан кейін дыбыстық сигнал қабылданады, яғни подкаст жазылады. Содан кейін монтаж жасалады (егер подкаст тікелей эфирде жүрмесе) - шу мен кедергілер алынып тастайды, дыбыс немесе музыка жасалады, аудио тректер қосылады. Файл дайын, енді оны подкаст терминалында жариялау керек. Подкасттармен жұмыс жасау оңай емес, өйткені сізге жақсы сөйлеу керек, өз ойларыңызды нақты айтып, белгілі медиа адам болу керек, яғни подкасттарыңыз үшін көрермен жинау керексіз. [1][2]