Мазмұнға өту

Пиетизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Пиетизм (латын тілінен - тақуалылық) - XVII ғ. неміс бюргерствосының дәулетті бөлігі арасында пайда болған және қарсы бағытталған діни ағым. Ырымдық дінді жоққа шығарып, өмір қуаныштарынан бас тартуды талап еткен және тақуалылық пен өнегелілік өзін-өзі жетілдіруді уағыздаған. XVII—XVIII ғғ. басындағы педагогиканың дамуына үлкен әсерін тигізген. Пиетизм педагогикасының алғы шарты туа біткен адамның күнәшілдігі туралы христиандық ілім болған. Осы күнәшілдіктен арылудың басты құралы - тәрбие болған. Пиетистердің педагогикалық көзкарастарына тән ерекшеліктері: діни тәрбиеге басты назар аудару, мектепте катаң тәртіп, бірақ шектен тыс жаза тұрлерін қолданусыз, балалардың тілектері мен бейімдерін басып-жаншу. Басшылары Франке болған педагог-пиетистердің зор еңбегі - олардың Германияда бірінші болып мектепте оң білім беру керектігі туралы сұрақты көтеріп, оқу жоспарына қолөнерді енгізу арқылы оқытуды белсендірек және көрнектірек жасағандары болып табылады.

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6