Орден
Орден (нем. оrden, лат. ordo – сап, дәреже, топ) – ' 1) Рим папасы бекітетін (6 ғасырдан) ерекше жарғы бойынша қызмет еткен монахтық, діни-рыцарлық бірлестіктер; кейбір құпия ұйымдардың атауы, мысалы, масон Ордені. Діни-рыцарлық ордендер Батыс Еуропада 12 ғасырдан құрыла бастады. Палестинада крест жорығы кезінде (Иоанниттер, Тамплиерлер, Неміс Ордендері), Испания мен Португалияда арабтармен күрес кезінде (Калатрава, Алькантар Ордендері) пайда болды. 13 – 14 ғасырларда Батыс Еуропа ордендер саны күрт көбейді. Кейбіреулері 10 мыңдаған рыцары, орасан зор жері бар қуатты ұйымға айналды (мысалы, Ливон, Тевтон ордендері). Олар бастапқыда христиан дінін тарату, қасиетті жерлерді қорғау және ұлт-азаттық мақсатта құрылған Рим папасына бағынышты діни-әскери ұйым болып саналып, оның мүшелері монах антын қабылдады. Мүшелері бір түсті әрі бірдей нысанда крест тігілген айрықша киім киді. Олар бара-бара жер кеңейту, баю жолына ауды. Кейінірек Ордендер мемлекет басшыларының билігіне көшіп, 14 – 16 ғасырларда ақсүйектерді ынталандыру қызметін атқарған сарай ордендері құрылды. Мұндай ордендердің де ерекше көркем киімі және айырым белгісі болды. Сол айырым белгілері келе-келе мемлекеттік сыйлық сипатын алды.
2) Мемлекет және қоғам алдындағы айрықша азаматтық және әскери қызметі үшін берілетін құрмет белгісі. Қазақстан ордендері тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды;[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |