Нева
Нева – Ресейдің Ленинград облысындағы өзен. Ұзындығы 74 км, алабының ауданы 281 мың км². Бастауын Ладога көлінен алып, Фин шығанағының Нева кірмесіне құяды. Төменгі ағысында кең атырау жасап, бірнеше тарамдарға бөлінеді; аралдарында және Нева бойы ойпатында Санкт-Петербург қаласы орналасқан. Орташа су ағымы Новосаратовка ауылы тұсында 2520 м3/с. Оңтүстік-батыс және батыс желдерінің әсерінен Фин шығанағында және Неваның төменгі ағысында су деңгейі көтеріліп, кейде Санкт-Петербург су тасқынына ұшырайды. 1990 жылдың аяғында өзен жағалауларына дамбалар салынды. Желтоқсанның аяғынан бастап сәуірге дейін мұз құрсанып жатады. Салалары – Охта (оң), Ижора, Тосна, Мга (сол). Нева Ақ теңіз – Балтық және Волга – Балтық су жолдары жүйесіне кіреді. [1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |