Мазмұнға өту

Морфин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Морфи́н (ежелгі грек құдайы Морфейгр. Μορφεύς немесе гр. Μορφέας атына қойылған) - апиынды көкнәрдін сүт сөлінен алынатын ауырғанды басатын есірткілік зат. Тұз қышқылды морфин ерінтіндісі ауру сезімін басу, жөтелді бәсеңдету, ішек жиырылуын баяулату үшін тері астына жіберіледі.[1]

Ұйықтататын(Papaver somniferum) және ауырсынуды басатын кұрал ретінде қолданылады (адам массасына байланысты белгіленген дозадан жоғары қолданылса у ретінде әсер етеді).[2] Опиумның басты алкалоиды, құрамының 10%-ын алады. Демек, басқа алкалоидтарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Морфиннің құрамында тек бір ғана стереоизомер - (−)-морфин. (+)-Морфин синтез нәтижесінде алынып, (−)-морфиннің фармокологиялық қасиетіне ие емес. Морфиннің Хлорсутекті тұзын - морфий деп атайды. Жиі морфий-ді морфиннің қысқаша атауы деп береді.

Morphin - Morphine

Морфин молекуласында көміртектің 5 ассиметриялық атомы, хиральдық орталығы бар. α, β, γ-мен қатар көптеген оптикалық изомерлерге ие. Морфиннің толығымен зерттелгендігіне қарамастан, оның құрамында 5 ассиметриялық көміртек тобы бар(С5 , С6 , С9 , С13 и С14). Ол теория тұрғысынан Морфиннің 32 изомерін туғызады, алайда оның құрылысының сақина тәрізді болып келуі изомерлер санын 16-ға дейін азайтады. Оның барлығы да алынып, толығымен зерттелген.

Ең алғаш морфинді неміс фармацевті Фридрих Вильгельм Адам Сертюрнер, 1804 жылы өте күшті есірткі - опиумнан алды. Бірақ инькциялық иненің ойлап табылуына байланысты, морфин тек 1853 жылы кең қолданысқа ие болды. Кейін ауру-басқыш ретінде қолданылды, алайда азамат соғысы кезінде ол көп қолданылғандықтан 400 мың адам морфинге тәуелділікке ұшырады. XIXғ. соңыда, соғыс аяқталған соң көптеген солдаттар тәуелді болып қала берді. Көптеген дәрігерлер (өздерінің хабардар болғандарына сене отырып) морфинді қабылдағаннан кейін тәуелділікке ұшыраған. Морфинге тәуелділік жиі ең алғаш қолданғаннан-ақ пайда болған. Кейінірек көптеген атақты адамдар (Михаил Булгаков, Владимир Высоцкий, Эдит Пиаф) "ұйқыға тартатын" есірткінің қармағында болған.

Медицинадағы оптикалық изомердің маңызы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазіргі кезде дәрілердің тек 15%-ы – бірдей энантиомерден тұратын хиральды таза заттар. Бұндай дәрілерді синтездеу W.S.Knowles, R.Noyori, K.B.Sharpless үш химик-ғалымдар жұмысының арқасында жүзеге асты. Олар органикалық синтездің жаңа әдісін ойлап тауып, оптикалық изомер алуға катализатор ұсынды. 2001 жылы химия саласында бұл ғалымдар ассиметриялық биохимиялық синтез бен айна катализін зерттеп, жаңалық ашқандары үшін Нобель сыйлығына иеленді. Осы жаңалық аз мөлшерде қабылдағанда әсері бар және қауіптілігі аз хиральды таза өнімді алуға мүмкіндік беретіндіктен медицинада оптикалық изомердің маңызы зор.

Классикалық әдіс

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оптикалық изомерлерді бөлудің бірнеше әдістері бар. Солардың бірі – диастереомер тұздарды немесе лабильді комплекстерді кристаллизациялауға негізделген классикалық түрі. Егер тіпті бүкіл үрдіс толық өнімді өндірсе де(сирек кездесетін жағдай) өндіріс саласына қолдануға тиімсіз, себебі таза диастереомер алуға кристализациялаудың көп мөлшері қажет етіледі. Мұндай жолмен алынған өнім қарама-қарсы энантиомердің мөлшерінің көптігімен ластанған және оның оптикалық тазалығын жоғарылату үшін қайта кристализация үрдісі жүзеге асуы қажет. Ал бірінші кристализациялаудан кейін бөлінетін екінші энантиомер бірінші энантиомер секілді оңай алына бермейді. Сондықтан, оптикалық изомерді классикалық әдіспен бөлген кезде құнды, бағалы материалдар жоғалады.

Хромотографиялық әдісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Екінші әдісі – оптикалық изомерлерді бөлудің хромотографиялық әдісі. Бұл әдіс хромотографияның өзі дами бастаған кезде зерттеліп жатқан еді және бұл саладағы үлкен жетістіктердің бірі – хромотографиялық жүйедегі энантиомерлердің хиральдылығын анықтау процесстерін терең зерттеу қорытындылары. Монография барлық қазіргі кездегі оптикалық изомерлерді бөлудің хромотографикалық әдістерін қамтып, негізгі қолданылу аясын көрсетіп, салыстырмалы анализ жасап көрсетеді.

Морфиннің құрылысын анықтау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Морфиннің, сонымен қатар басқа да молекулалардың құрылысын анықтауда әр түрлі құрылғылар пайдаланылады.Соның ішінде масс-спектрометр. Масс-спектрометр – магнит және электр өрістерінің вакуумда шапшаң қозғалатын иондар шоғына тигізетін әсеріне негізделіп, иондалған молекулалар мен атомдарды олардың массалары бойынша бөлетін құрылғы.

Жұмыс істеу принципі:

1. Зерттелетін затты дайындаушы құрылғыға өзіміздің затымызды саламыз;

2. Иондар кезінде заттың белгілі бір бөлігі иондалып иондар шоғы түзіледі;

3. Иондар қабылдағышында иондық ток электр сигналына түрленеді;

4. Сигнал күшейтіледі;

5. Тіркелгіш құрылғыға иондар саны жөніндегі талдағыштан түскен ақпаратпен қатар, иондардың массасы жөнінде ақпарат түседі.

Пайдаланудың ағзаға әсері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Морфинді қолданған соң 5-10 минутта ол миға жетеді. Концентрациясы ең жоғары уақыт - 20 минуттан соң. Ағазаға түскен кезде мидің рецепторларын бұзып, ұйқы және жылу сезгізіп, эйфория пайда болады. Көптеген жағдайларда рецепторлардың бұзылуы тәуелділікке әкеледі. Адамның ойлау қабілеті төмендеп, ол айналадағы болып жатқан оқиғаға мән бермейді.

Есірткінің адамды жаулап алуы осындай схемада жүреді:

Әрбір есірткі- у. Дозаны алған соң ағза белсенділігін арттырып, уды шығаруға тырысады. Сондықтан адам өзін "көтерілгендей", жігерлі сезіне бастайды. Барлық жақсы сезім: бақыт, энтузиазм, шабыт адам бойына келеді. Алайда бұл жасанды жолмен алынған сезім. Уақыт өте келе олар кетеді және адам бастапқы күйіне қайта оралады, алайда ендігіде жағдайы нашарлап, көңіл-күйі бұрынғыдан төмен болады. Тағыда доза алған соң ағза қайтадан "көтерілісті" сезінеді. Бұл жалғаса келе ағза үйреніседі де қалыпты тамақ іше бастап, ауру - есірткі қолданған кезде ғана әлсірейді. Басқаша айтқанда адам есірткіге тәуелді болады. Кезекті доза қабылдау - азапты ауруды ең кемінде бір күнге басу жолына айналады.

Морфинді пайдаланушының белгілері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көздің көрінерліктей тартылуы, кішкене қызарып сәл жылтырауы; көз асты көгеруі, үзік, баяу тыныс; мұрын қышынуы; әлсіреу және ұйқылы көзқарас; сөздерді бөле сойлеу; енжарлық және жалпы релаксация; өзінен басқаларға немқұрайлы қарау; эйфория және ұқыпсыздық; шамадан тыс батылдылық; ашуланшақтық; тері және шырышты қабықтың құрғауы(ерні, тілі); ұйқы жетіспеушілігі; сұйықтық бөлудің азаюы; суық тиген жағдайда жүтел болмайды; дене температурасының шамалы төмендеуі; тыныс алу орталығының тежелуі; Уытты дозалары периодты түрде дем алу мен тыныстың тоқтауынан кейінгі өлімге әкеледі.

Морфинмен уланған жағдайдағы шаралар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Морфинмен уланған жағдайда опий рецепторларының антагонисттерін қолданады, көбіне налорфин (агонист-антагонист) және налоксон (антагонист). Рецепторлар үшін талас арқасында, налорфин морфиннің барлық эффекттерін жойып, эйфория, құсу, бас айналу және тыныс алуды қалыптандырады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Ордабасы": Энциклопедия.- Шымкент:"Ордабасы".2008.
  2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6

1.Сайт о химии.

2.Масс-спектрометрия

3.Морфин. Воздействие на организм и психику Мұрағатталған 12 қазанның 2015 жылы.

4.Евролаб энцоклопедия

5.Большая Энциклопедия Нефти Газа

6.Последсвия применения Морфина Мұрағатталған 19 наурыздың 2016 жылы.