Мазмұнға өту

Монография

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Монография (грекше monos – біртұтас, grapho – жазу) — белгілі бір тақырыпты жан-жақты зерттейтін ғылыми еңбек.[1] Онда нақты сала бойынша күрделі мәселе мақсатты түрде сөз етіліп, оның дамуына ықпал ететін ой-пікірлер айтылады. Монографияны жеке қаламгер шығармашылығына немесе жалпы ауқымды мәселеге арнап бір кейде бірнеше зерттеуші бірігіп жазуы мүмкін. Монографиялық еңбек библиография көрсеткіштермен, жылнамалық тізім, ескертпе-түсініктермен толықтырылады. Мұндай еңбектерде бірнеше мәселе қамтылып, тақырып әр қырынан баяндалады.[2][3] Монографияда ғылымның, әдебиеттің жеке тақырыбына байланысты материалдар жан-жақты жинақталып, талдаудан өткізіліп, тұжырым жасалынады.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Жұмалиев Қ., Әдебиет теориясы, А., 1969; Әдебиеттану. Терминдер сөздігі, А., 1998
  2. Қазақ энциклопедиясы
  3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. ISBN 9965-808-78-3
  4. "Ордабасы": Энциклопедия. — Шымкент:"Ордабасы" — 2008 жыл.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]