Миля
Миля (ағылш. mіle, лат. mіlіa passum – мың римдік қос қадам) – бірліктердің метрлік жүйесіне енбейтін кең таралған ұзындық бірлігі. Ол негізінен теңіз ісінде қолданылады.
Ресейде және басқа көптеген елдерде, халықар. гидрографиялық конференцияның шешімі бойынша (1929 жыл), теңіз Милясы 1 меридиан доғасының ұзындығына – 1,852 км-ге тең; ұлыбританияда 1 теңіз Милясы = 1,853184 км.
Құрлықтағы (уставтық) 1 Миля = 1,609344 км (бұл АҚШ - та да қолданылады).
Географиялық Миля (нем. mіle) экватордың 1/15 бөлігіне немесе 7,4204 км-ге тең.
Байырғы орыс Милясы = 7,46760 км.[1]
Миля - ұлттық метрлік емес өлшемдер жүйесінде таралған ұзындық бірлігі.
Ағылшын милясы - ұзындық мөлшері, 1,61 километрге тең.[2]
Тағы қараңыз:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|