Мақта (дақыл)
Мақта | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
50 түрі белгілі |
Мақта (лат. Gossypium) – құлқайырлар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл.
Мақта б.з. дейін Орта Азия республикаларында, Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика,Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаның биіктігі 1–1,5 м. 1–2 негізгі бұтақтан 10–15 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90–130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3–5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20–40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта – жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Тұқымы 10–12C-та өне бастайды, 25–30C-та жақсы өседі, 0C-та үсікке шалдығады. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді. Облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы, Отырар аудандарында, Арыс, Түркістан қалалық әкімдік аумақтарында Мақтаның орта талшықты нөмірлері (Қырғыз-3, С-4727, С-6524, 108-Ф) өсіріледі. ОҚО ауа-райына байланысты мақта сәуір-мамыр айларында толықтай егіліп бітеді. Шиті жерге түскеннен кейін жер құнарлылығы жақсы болса 5-10 күннің көлемінде жер бетіне шығады. Ал егер жер бетіне шықпай тұрып, жаңбыр жауған жағдайда, тез арада бетін тырнап шығу қажет. Себебі жердің беті қатып мақта тұншығып қалады. Мақта өсіп жетілемін дегенше, арам шөптерден тазалап, түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар беріліп тұрады. Жылына 2 рет суарады.
Мақта өнімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1 т шитті Мақтадан 330–360 кг талшық (бұдан 3000 м мата тоқылады), 100–110 кг тағамдық, техникалық май, 30–40 кг қысқа талшық, 550–580 кг тұқым алынады. Тұқымында 20–25% май болады, сондықтан 1 т Мақта тұқымынан 170 кг Мақта майы, 400–420 кг күнжара, 300 кг қауыз, мақта мамығы, олифа, глицерин, т.б. құнды өнімдер алынады. Мақта – тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықтарынан әр түрлі маталар – бәтес, сәтен, маркизат тоқылса, қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек, жіп, т.б. дайындалады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия өнеркәсіптерінде, ал тұқым қалдығынан этил, метил спирттерін, лак, қағаз, орган. қышқылдар, целлюлоза, т.б. алуға болады және сабағы(Қозапая) отын ретінде, күнжарасының құрамында ақуыз болғандықтан мал азығы ретінде қол
Негізгі зиянкестері:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Артықшылықтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- жұмсақтық
- жылы уақытқа жақсы сіңіру қабiлеттiлiгі
- жеңіл түске боялуы
- табиғи материал
- денсаулыққа зиян келтiрмеген
- Жетісай қаласында «СапаИнвестПлюс»атты мақтаның сабағынан құрылысқа және жиһаз жасауға қажетті тақтайшалар жасалуда
Кемшiлiктер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- оңай илейдi
- отырғызуға тенденцияны алады
- жарықта сарғаяды
- суды бойына сіңіріп алады
Қолданысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мақта иірілген жіп жасауу үшін тоқыма өңдеуге қолданылады. Мақта мата, трикотаж, жіп және т.б. өндіру үшін пайдаланылады. Мақтаның мамықтары мен жүндері химия өнеркәсібінде жасанды талшықтар мен жіптерді, пленкаларды, лактарды және т.б. алу үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар жарылғыш заттарда қолданылған.
19 ғасырдың бірінші жартысында суық тиюді емдеу үшін құлаққа мақта қағазы салынған.
Егу, өсіру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
|
Экономика
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дүниежүзілік мақта қолданысы, мың тонн | |||||
---|---|---|---|---|---|
2001−2002 | 2002−2003 | 2003−2004 | 2004−2005* | 2005−2006** | |
Барлығы | 20 288 | 21 184 | 21 352 | 23 080 | 23 650 |
КХДР | 5 700 | 6 500 | 7 000 | 8 100 | 8 600 |
Үндістан | 2 910 | 2 914 | 3 000 | 3 300 | 3 400 |
Пәкістан | 1 855 | 2 042 | 2 100 | 2 300 | 2 370 |
Шығыс Азия, Аустралия и Мұхит ар. | 2 127 | 2 075 | 1 885 | 1 850 | 1 830 |
АҚШ | 1 676 | 1 583 | 1 413 | 1 350 | 1 280 |
Бразилия | 830 | 760 | 825 | 900 | 900 |
ТМД | 671 | 674 | 686 | 710 | 730 |
Басқалар | 2 090 | 2 237 | 2 218 | 2 330 | 2 330 |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |