Мазмұнға өту

Марк Аврелий

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Марк Аврелий (Marcus Aurelius, 121–180 жылдары) — Pим императоры (161–180 жылдары). Антонин Пийдің асырап алған баласы, заңдылақты және бюрократтық аппаратты тәртіпке келтіруге ұмтылды. 162–166 жылдары Шығыстық парфиялықтардың біраз жерін жаулап алды. 166–180 жылдары Дунай маңындағы провинцияларға басып кірген германдықтар мен сарматтарға қарсы соғыс жүргізді. Толассыз соғыстар империяны әлсіретіп, халықты күйзелтті. Бұған наразылық ретінде 172 жылда Египетте халық көтерілісі шықты. Марк Аврелий стоикалық бағыттағы философ болды, "Толғаныстар" кітабын жазды, дүниеге көз қарасында моралдық жағынан өзін-өзі жетілдіруді жақтады, саяси құрылысты жетілдіру мүмкіндігіне сенбеу бағытын ұстады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]