Мазмұнға өту

Лотарингия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Лотарингия (Lorraine) - Солтүстік-батыс Франциядағы тарихи аймақ. Лотарингия аумағы Мозель, Мёрт және Мозель, Мез, Вогезы департаменттерін қамтиды. Жері 23 мың км². Халқы 2,3 миллион адам (1972 ж.). Басты қалалары - Нанси мен Мец. Аймақты Батыс Еуропадағы ірі темір жол тораптары басып өтеді; темір рудасы, көмір өндіріліп, шетелге шығарылады; машина жасау және металл өңдеу, ағаш өңдеу, тоқыма өнеркәсібі жақсы дамыған.

Орта ғасырларда бірнеше мемлекеттер мен аумақтық бірлестіктері Лотарингия аталды. Император Лотарин І-нің иеліктерін бөліске салу нәтижесінде Франк мемлекеті құлап, Рейн өзенінің төменгі және орта ағысы алқабында Лотарингия корольдығы пайда болды (855-900). Корольдық өзінің тұңғыш билеушісі Лотарин ІІ-нің (855-869) есімімен аталды. Кейін ол Германияны, Бельгия мен Нидерландының құрамына кірді. Лотарингия аумағында феодалдық қатынастар ерте басталды. 10 ғасырда басталған феодалдық жіктелудің салдарынан Лотарингия герцогтарының қолында 12 ғасырдың басында шағын ғана жер қалды. Осы бөлшектенудің нәтижесінде Лотарингияда француз билеушілерінің (13 ғасырдан) экономикалық, саяси және мәдени ықпалы күшейді. 16 ғасырдың 2-жартысынан Лотарингия жері Францияға қосыла бастады. 1871 жылы Франкфурт бітімі бойынша Шығыс Лотарингия және онымен көршілес Эльзасты Германия сатып алды. 1919 жылғы Версаль бітім шарты бойынша ол Францияға қайтып берілді.[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Кеңес энциклопедиясы, 7-том