Кәрілік
Кәрілік – адам ағзасы мен психикасының дамып жетілуінің соңғы шағы. Адамның жеке басының даму кезеңдерінің ішінде кәрілікк шақ – оның өмір тәжірибесінің барынша молайып, көзқарасының әбден қалыптасып, бойындағы бар қабілеті мен күш-жігерін еңбекте, ғылымда, өнерде, техникада тағы басқа сарқа пайдаланып, өзінің басынан кешірген, жүзеге асырған іс-әрекетіне көз жіберетін кезі. Бірақ кәрілік шақтың өзіне тән әлсіз жақтары бар. Әсіресе кәрілік. шақта дене өзгерісімен бірге, психикалық құбылыстар да, атап айтқанда, ұмытшақтыққа бой ұра беруі, зейін қою жағы жас кездегідей болмауы сияқты өзгерістер байқалады. Бірақ мұндай жағдай кәрі адамдардың бәріне бірдей тән емес. Жасынан салауатты өмір сүріп, бірқалыпты қызмет істеп, дұрыс дем алып, өзін-өзі сақтай білген адамдар қартайған шағында да көңіл-күйі қош, қызметке қабілетті болады.
Дереккөздер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |