Кәпір
Ислам |
---|
Бұл мақала келесі тізімдеменің бір бөлігі: |
Кәпір (араб.: كافر, көпше түрі: куффар, кафирун)[1] — Ислам дініне сенбейтін, ислам дінінің құдайы Аллаһқа, және Мұхаммедтің айтқандарына сенбейтін адам. Ол бәлкім атеист, бәлкім басқа дін өкілі болуы мүмкін. Сөздің түбір мағынасы «жабу» дегеннен шыққан, «ақиқатты жасырушы» деген мағынада «білмеуші», «сенбеуші», деген үстеме мағынаға ие болған. Сонымен қоса кәпір сөзінен шыққан кафара етістігі аят-қадистерді мойындамау әрекетін көрсетеді. Бұл сөзде басқа діндегі адамды, не ислам діні талабын орындамаған адамды кемсіту мағынасы бар. Бұл сөздің дамыған түрі «Мүшірік» - діннен бет бұрған бұтқа табынушы деп аталады. Ол діни мемлекеттерде «діни қылмыскер» мағынасын береді. Еврей тілінде «кіппер» (kipper) және «кофер» (kofer) деген сөздер кәпір сөзімен тамырлас («kafir» כִּפֵּר, or K-F-R). «Кіппер» сөзі көп мағыналы, «бас тарту», «жалтару», «жабу», «тазару», «өкілдік ету», немесе «ауысу». Кейінгі екі мағына Кофер сөзінің мағынасы, ол және «ерікті» деген мағынаға да ие. Кіппер мен Кофер еврейлік сенімде қатар қолданылып, Құдайдың бейуаз адамның бойынан күнәні алуын, тазартуын, еркін етуін білдіреді екен.[2] 15-ғасырға дейін Кәпір сөзі арқылы мұсылмандар Африкадағы ежелгі тайпаларды атаған. Африкада Каффир атты ежелгі тайпа болған деген де сөз бар, олар араб шапқыншылығына қарсы күресте ерлік көрсетіп, өз ұлттық сенімі мен дәстүрін сақтаған.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ كافر — AlMaany.com
- ↑ «Kipper» Encyclopaedia Judaica / Michael Berenbaum and Fred Skolnik — 2nd. — Detroit: Macmillan Reference USA, 2007. — P. 180–83.
- ↑ Campo Juan Eduardo Encyclopedia of Islam — Infobase Publishing, 2009. — P. 422. — ISBN 0-8160-5454-1.