Картон
Көрініс
Картон[1] (фр: carton, ит: cartone, carta – қағаз) — қағаздың қалың әрі қатты, тығыз түрі (тығызд. 250 г/м2-ден артық).
- Ірі, қатты талшықтарды (ағаш массасы, жартылай целлюлоза, сульфатты целлюлоза, макулатура) ұнтақтау, құю, престеу, кептіру жолымен жасалады.
- Пайдаланылатын орнына және физика-механикалық қасиеттеріне қарай қаптамалық, полиграфия, аяқкиімдік, құрылыстық, электр оқшауламасын жасайтын, тоқыма өнеркәсібінде қолданылатын картондар болады.
- Жәшік және қорап жасалады. Полиграфиялық картон мұқаба, матрица, құжат, тағы басқа жасауға жұмсалады.
- Құрылыстық картон гипстен жасалған құрғақ сылақты тыстауға және үй қабырғаларына жапсыруға пайдаланылады.
- Бір не бірнеше қабатты болады. Көп қабатты картонның сырты қымбат әрі мықты талшықтан, ал ішкі жағы арзан талшықтардан құйылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Cardboard |