Мазмұнға өту

Ионийлықтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Милет қаласы - Ионийлықтардың орталығы. Археологиялық қазбалары.

Ионийлықтар немесе иондар (көне грекше: Ἴωνες, гр. Ίωνες)  - негізгі ежелгі грек тайпаларының бірі.

"Ионийлықтар" атауы тайпаның түп атасы деп саналатын, аты аңызға айналған батыр Ионның есімінен шыққан. Аттика жерін, Эвбей аралының бір бөлігін, Хиос, Самос, Наксос т.б. аралдарды мекендеді. Біздің заманымыздан бұрын 11 - 9 ғасырларда Кіші Азияның (Иония обл.) батыс жағалауының орталық бөлігін, Қара және Мәрмәр теңіздері жағалауларын қоныстанды. Ионий диалектісінде көптеген адебиет сақталған (мысалы Гомер поэмалары, Геродот шығармалары т.б.)[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974,5 том