Инфинити
Infiniti | |
Құрылды |
1989 |
---|---|
Орналасуы | |
Саласы |
Машина өнеркәсібі |
Өнімі |
Автомобильдер, қозғалтқыштар |
Басшы компания |
Nissan |
Сайты |
Infiniti (жапонша インフィニティ, қазақша Инфинити) – Nissan Motors жапон компаниясына тиесілі люкс-класс автомобильдерінің сауда маркасы.
Infiniti автомобильдері АҚШ, Канада, Мексика, Таяу Шығыс елдерінде, Оңтүстік Корея, Тайванда, ал 2007 жылдан бастап Ресей мен Украинада ресми сатылымда. Марканың шыққанынан бастап 1989 жылы миллионнан астам автомобильдер сатылады. Соның ішінде басым бөлігі АҚШ-та сатылып кетеді. Infiniti барлық үлгісі Nissan үлгілерінің негізінен алынған. Қазіргі кезде шығарылымдағы барлық седан, купе және кроссоверлер –Nissan FM платформасында жасалған. Тек QX5 жолталғамайтыны ғана Nissan F-Alpha платформасыда жасалады. Барлық Infiniti үлгілерінің атауында 1 немесе 2 әріп, оның артынан қозғалтқыштың сыйымдылығын білдіретін 2 сан болады. Осы жылы Infiniti осы маркадағы барлық және жаңа үлгідегі көліктің жылдамдығы 20 жылқы күшіне тартанын жариялады.
Бренд тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Infiniti брендінің шыққанына 20 жылдан астам уақыт болды. Аталмыш бренд ресми түрде 1989 жылы, 8 қарашадан бастап сатылымға түседі. Алайда Infiniti жобасы 1985 жылы жасалған болатын. Сол кезде АҚШ автомобиль нарығында Еуропа және Америка өндірушілерінің автомобиль маркалары алдыңғы қатарда тұрған еді. Сондықтан Nissan компаниясы жаңа люксті брендті шығаруға шешім қабылдайды. Себебі Nissan әрдайым американдықтар үшін «қарапайым автомобиль» ретінде белгілі болады. Infiniti атауы аса мұқияттылықпен таңдап алынған: Infiniti – «Infinity», яғни «шексіздік» дегенді білдіреді. Infiniti Бренд-белгісі сопақшаның ішіндегі үшбұрыш – шексіздікте жоғалған жолды білдіреді, яғни инновациялармен жаңа жетістіктерге жету ұмтылу, әрдайым алға жүру дегенді білдіреді. Infiniti үлгілерінің атауларын меңгеру қызықты әрі оңай. Мәселен сандар қозғалғыш сыйымдылығын білдірсе, ал әріптер көлік көлемін білдіреді. Мысалы I әріпі ағылшын алфавитінде G әрпінен төмен орналасқан, демек осы әріппен көліктің көлемі үлкен екенін анықтайды. Infiniti бренді нарықта пайда болған кезінен бастап он жылдай сатып алушылар көңілінен шығып, автомобиль индустриясының көшбасшысы болып келеді. Аталмыш бренд көптеген жүлделерге ие болады. Соның ішінде JD Power and Associates’ Customer Service Index, CSI мәліметі бойынша Infiniti бренді тұтынушыларға қызмет көрсетуден үш дүркін жоғары рейтингтің иегері аталады.
Infiniti алғаш шыққан жылдары тек АҚШ-пен Канадада сатылады. Кейін келе, компания Infiniti-ді әлемдік нарыққа; алдыңғы кезекте Таяу Шығыста (1996 жыл), Тайвань (1997 жыл), Оңтүстік Корея (2005), Ресей (2006), Украина және Қытайда (2007) шығару шешімін қабылдайды. Ресей 2006 жылы Infiniti бренді ресми таныстырылған алғаш Еуропадағы нарық болып табылады. Еуропада Infiniti 2008 жылдың күзінен бастап сатылымға түседі. Қазіргі кезде Infiniti автомобильдері 35 мемлекетте сатылады.
Қазіргі заманғы үлгілер қатары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Infiniti G – седан, купе, кабриолет. Nissan Skyline аналогі
- Infiniti M – седан. Nissan Fuga аналогі
- Infiniti EX25/35 – кроссовер
- Infiniti FX – кроссовер, марканың ең үлкен сатылымдағы үлгісі(FX35/35d/37/50 нұсқаларында)
- Infiniti QX56 – жолталғамайтын, Nissan PATROL аналогі
Гибридті автомобильдер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2010 жылы тамызда Жапонияда Infiniti M35h седан үлгілерінің қатарында алғаш гибридті автомобиль шығарылған болатын. Бастапқыда өндіруші гибридті автомобиль Infiniti G37 купесінің жаңа нұсқасы болады деп жариялаған болатын. M35h үлгісі Жапонияда 2010 жылдың күзінен бастап сатылымға түседі, ал 2011 жылдың басында автомобиль АҚШ пен Еуропа нарығына шығады.
Ертеректе шығарылғандар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Infiniti M30 – купе және кабриолет, Nissan Leopard аналогі(1989–1994 жылдары)
- Infiniti M45 – седан, жапон Nissan Gloria\Nissan Cedric аналогі (2003–2005 жылдары)
- Infiniti G20 – седан, Nissan Primera аналогі
- Infiniti J30 – седан, жапон Nissan Leopard аналогі (1992–1997 жылдары)
- Infiniti I (I30, 1996–2001; I35, 2002–2004) – седан, Nissan Cefiro аналогі
- Infiniti QX4 – жолталғамайтын, Nissan Pathfinder аналогі (1997–2003 жылдары)
- Infiniti Q45 – Nissan President қысқартылған нұсқасы(1989–1996 жылдары)
- Infiniti FX35/45–ең танымал автомобиль маркасының бірінші ұрпағы (2003-2008 жылдары)
- Infiniti QX56 (до 2010года)–толықкөлемді жолталғамайтын, Nissan Armada аналогі
Автоспорт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2011 жылы Infiniti Ред Булл Рейсинг Формула-1 командасымен демеушілік контрактқа отырады. Сондай-ақ, команданың техникалық серіктесі болады.