Индекс
Индекс[1][2] (латынша: іndex – көрсеткіш, тізім) –
- математикалық өрнекті бір-бірінен ажырату үшін сол өрнектің жоғарғы не төменгі жағына қойылатын сан не әріп түріндегі көрсеткіш. Мысалы, x0, xі, a3, anm, мұндағы 0, і, 3, nm – индекстер;
- есімдердің, атаулардың, т.б. көрсеткіші, тізімі;
3) шартты белгілердің (әріп не цифр түріндегі) жүйесі (мысалы, кітапхана-библиография индексі, пошта индексі, т.б.);
4) қандай да бір экономикалық құбылыстың (өндірістің көлемі, бағасы, сыртқы сауда, т.б.) тізбекті өзгерісін өрнектейтін (әдетте, процентпен) цифр түріндегі көрсеткіші.
Экономикалық индекстердің түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- акциялар индексі – биржа практикасында акциялар бағамының эволюциясын анықтау үшін қолданылатын индекс;
- ақшаның сатып алу күшінің индексі – тұтыну бағасының индексіне кері шама;
- баға индексі – тауарлар бағасының белгілі бір уақыттағы немесе аумақтық бөліктегі орта деңгейінің салыстырмалы өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш;
- валюта қоржынының индексі – негізгі сауда серіктестерінің валюта қоржыны негізінде арнаулы формула бойынша есептелетін индекс – экономиканың сыртқы бесекелесу қабілетінің жиынтықтамалы көрсеткіші;
- жалақы индексі – бір жұмысшының, қызметшінің қайсыбір кезеңдегі орташа жалақысы серпінінің салыстырмалы көрсеткіші;
- жалпы ұлттық өнім бағасының индексі – баға деңгейінің өзгеруінің жалпы ұлттық өнімнің құндық көлемінің серпініне әсер ету дәрежесін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Инфляция ауқымының мөлшері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жалпы ұлттық өнім дефляторы (инфляция ауқымының мөлшері) тұтыну бағасының индексімен, көтерме сауда бағасының индексімен және өндірушілер бағасының индексімен айқындалады. Тұтыну нарығындағы және инвестициялық тауарлармен сауда жасау аясындағы жалпы ұлттық өнімнің құрылымы бойынша безбенделген инфляциялық құбылыстарды сипаттайтын бұл индекстер инфляцияның жалпы ауқымын айқындауға және дефляторды ескере отырып түпкілікті тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің нақты көлемін бағалауға мүмкіндік береді; жиынтықтамалы (синтетикалық) индекс – әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды жиынтықтауға арналған индекс. Мысалы‚ бөлшек сауда бағасының индексі‚ тауарлар мен қызметтер бағасының индексі.
Зерттелетін құбылыстардың жалпы жиынтығы бөлігін құрайтын құбылыстардың жекелеген азды-көпті біртекті топтарына арналған топтық индекс және тікелей өлшемдес емес әртекті элементтерден құралатын зерттелетін құбылыстардың бүкіл жиынтығына арналған жалпы индекс болуы мүмкін; көтерме сауда бағасының индексі – тауарлар жиынының түрлі өндіріс сатысындағы бағасының өзгеруін көрсететін индекс; нақты жалақы индексі – қызметкерлер табысының өзгеруін бейнелейтін көрсеткіш.
Атаулы жалақының индексін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасының индексіне бөлу жолымен есептеледі; нарық индексі – нарық серпінінің жалпы көрсеткіші, бағаның айналысқа шығарылған акцияларға қатысын көрсетеді; өндірім нормаларының орындалу индексі – жұмысшылардың өндірім нормаларын орындау дәрежесін сипаттайтын индекс. Бір текті өнімді дайындау кезінде ол өнімнің белгілі бір уақыт кезеңіндегі нақты көлемінің нормалар бойынша дайындалуы қажет мөлшерге қатысымен айқындалады.
Мазмұнына қарай өндірімнің сағаттық нормаларының орындалуы (нормалардың нақты уақыт бойынша орындалуы) индексі және ауысымдық нормалардың орындалуы (нормалардың күнтізбелік уақыт бойынша орындалуы) индексі түрлеріне бөлінеді;
- өнеркәсіп өнімі өзіндік құнының индексі – есепті (ағымдағы) кезеңдегі өнеркәсіп өнімінің өзіндік құны деңгейінің базистік кезеңдегі деңгеймен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын индекс;
- өнеркәсіп тауарларының бәсекелесу қабілетінің индексі – белгілі бір елдің экспортқа шығаратын өнеркәсіп бұйымдарының салыстырмалы бәсекелесу қабілетінің көрсеткіші.
Осы ел валютасының айырбастау бағамын бәсекелес ел валютасының айырбастау бағамымен салыстыру жолымен есептеледі, бұл ретте бейөндірістік сектордағы көтерме сауда бағасының құралуымен байланысты туындайтын инфляцияға түзету жасалады; өнім ақаулығының индексі – қаралатын уақыт аралығында шығарылған біртекті өнім сапасының кешенді көрсеткіші‚ ол осы өнім ақаулығының орташа өлшенген коэффициентіне тең; өнім сапасының индексі – қаралатын уақыт аралығында шығарылған әртекті өнім сапасының көрсеткіші‚ ол осы өнім сапасы көрсеткіштерінің салыстырмалы мәндерінің орташа өлшенген коэффициентіне тең; талдамалы (аналитикалық) индекс – күрделі экономикалық құбылыстың жинақтамалы өзгерісінің нәтижесі құрамдас элементтерге немесе факторларға бөлшектелетін индекс.
Мұнда бір элемент (әдетте, зерттелетін элемент) өзгерген түрінде қаралады‚ ал басқа‚ онымен байланысты элементтер белгілі бір деңгейде тіркеледі. Әрбір фактор бойынша есептелген бірнеше индекстердің көбейтіндісі тұтас экон. құбылыстың жалпы индексін алуға мүмкіндік береді. Өзара байланысына қарай индекс жалпы экономикалық құбылыстың өзгеруіне жекелеген факторлардың ықпал ету дәрежесін айқындайды‚ мысалы‚ өнімнің өсуі еңбек өнімділігінің‚ жұмыскерлер санының есебінен жүзеге асырылатынын айқындайды; тауарлар жеткізілімінің индексі – көтерме тауар айналымының серпінін сипаттайтын индекс; топтық индекс – нарықтық бағалардың, бағаның табысқа қатынасының, бір саладағы фирмалар тобы бойынша компанияның бір акцияға, т.б. шаққандағы табысының индексі; тұрмыс құнының индексі – тауарлар бағасы мен қызмет көрсетулер тарифінің өсуіне байланысты негізгі тұтыну шығындарының нарықтық құнының өзгеруін, яғни халықтың белгілі бір топтарының материалдық әл-ауқатының‚ әлеуметтік және мәдени тұрмыс жағдайының салыстырмалы өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Халықтың тауарларды сатып алуға‚ қызметтердің ақысын төлеуге жұмсайтын ақшалай шығыны нақты табыстан (жалақыдан‚ зейнетақыдан‚ шәкіртақыдан‚ т.б.) гөрі неғұрлым тез қарқынмен өскен жағдайда‚ бағаның өсуі орын алған жағдайда‚ осының салдары ретінде тұрмыс деңгейі төмендейді. Тіркелген тұрмыс деңгейін қолдауға жұмсалатын шығынның көбеюі өтемақы шараларын қолдану қажеттігін туғызады‚ мұның өзі табысты индекстеуде көрініс табады; тұтыну бағасының индексі – негізгі халық бұқарасының стандарттық тұтыну қоржынына кіретін тауарлардың бөлшек сауда бағасының өзгеруі үкіметтік статистикалық ақпарат негізінде айқындалатын индекс. Әдетте, ай сайын есептеледі және үкімет бағаны реттемейтін жағдайда инфляцияның негізгі көрсеткіші ретінде пайдаланылады; 5) қандай да бір табиғи құбылыстың сан түріндегі сипаттамасы не күйі (мысалы, циркуляция индексі, құрғақшылық индексі, т.б.) 6) “Оқуға тыйым салынған кітаптардың индексі” – 16 ғасырдан 1966 жылға дейін Ватиканда құрастырылып және тізімі жүйелі түрде толтырылып отыратын кітаптардың тізімі.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |