Династия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Династия (гр. δῠναστεία - билік, үстемдік) немесе Әулет (парсы тілінен аударғанда— ұрпақтар) —

  1. тақты атадан балаға мұра ретінде қалдырып, билеп келе жатқан монархиялық билеушілер. Әулеттен әулетке мұра ретінде кәсіп пен салт-дәстүрлерді сақтап, еңбектеніп отырған топтарды айтуға болады.[1]
  2. бір іс-әрекет облыстарында атаққа ие болған бір отбасының бірнеше ұрпағынын өкілдері.[2]

Дәстүрлі Қазақ қоғамында қандас-туыстық байланысты айқындауда жеті ата ұстанымы негізге алынған. Туыстық байланыс жеті атаға дейін созылып, одан әрі құдандалық байланысқа ұласады. Әулет тер рулардың қалыптасуының қайнар көзі болды. Жеті атаға толған әрбір Әулет рулы елге ұласу рәсімін жасап, толыққанды ру санатына қосылып отырады.

Әулет

Әулеттің өкілдері өзінің жеті атасын білу арқылы көрші рулармен байланысын айқындаған. ғылым әдебиет терде “Ә” ұғымы елдегі ең жоғары билік лауазымы мұрагерлік жолмен берілген замандардағы билеушілер (қағандар, хандар, шахтар, т.б.) шежіресін тарату үшін де қолданылады. Мұрагерлік жолмен таққа отыру салты ежелгі дәуірде-ақ Мысырда, Вавилонда, Иранда, Қытайда, Үндістанда, Македонияда, Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы мемлекеттік бірлестіктерінде, т.б. қалыптасқан. Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Кимек қағанаттарында, Қарахан мен қарақытайлар мемлекеттерінде, қыпшақтарда, наймандарда, керейттерде, жалайырларда ең жоғары лауазым жекелеген Әулеттердің қолында болды. Алтын Орда құрылғаннан кейін Орталық Азияда Жошы, Шағатай және Үгедей Ә-тері ұзақ жылдар бойы билік жүргізді. Қазақ хандарының арғы тегі Жошы ханнан басталады. Ал, бергі заманда, Қазақ хандығы құрылған кезден бастап хандық институт жойылғанға дейін елді Жәдік және өсеке ұрпақтары биледі (қ. Қазақ хандығы). 18—19 ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азияның қоғамдық-саяси өмірінде Әбілқайыр әулеті мен Абылай хан әулеті ерекше рөл атқарды. Ресейде Романовтар әулеті, Австрия-Венгрияда Габсбург әулеті, Францияда Бурбон әулеті, Қытайда Цинь әулеті бірнеше ғасырлар бойы билік жүргізді. Ұлыбритания, Ватикан, Сауд Арабиясы, т.б. мемлекеттерде жекелеген Ә-тердің билік жүргізуі қазіргі заманда да жалғасуда.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
  3. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том