Мазмұнға өту

Десмосомдар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Десмосомдар (гр. desmos - байланыс және сома) - жануарлар жасушалары арасындағы арнайы байланыстыргыш бөлімдер. Негізінен эпителиалды ұлпаларда кездеседі. Десмосомдар түйіскен жасушалардың плазматикалык мембраналары бір-біріне паралель орналасады да, арасында кеңістік 30 нм шамасында болып, оның ортасында тығыз затты жұқа тақтайша орналасады. Бір қатар жағдайларда мембранааралық кеңістік екі мембрананы байланыстырып тұратын көлденең жіпшелерімен тартылған, (омыртқасыздардың Десмосомдар қабырға немесе ұя тәрізді). Десмосомдар әр мембранасының ішкі қабатында қалындығы 0,1 мкм тең электронтығыз зат болады және онда доға тәрізді прекратинынан филаменттерінен цитоплазма еніп тұрады. Десмосомдар диаметрі жасушаның жазық бетінде 0,2x0,5 мкм-ға тең.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3