Грейс Хоппер
Грейс Хоппер | |
Коммодор Хоппер. 1984 жылғы сурет. | |
Туған кездегі есімі |
ағылш. Grace Brewster Murray |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Арлингтон |
Азаматтығы | |
Қызметі |
математик, әскери-теңіз офицері, информатика саласының ғалымы, бағдарламалаушы, физик |
Грейс Хоппер (ағылш. Grace Hopper, 9 желтоқсан 1906 - 1 қаңтар 1992) – америкалық ғалым және АҚШ флотының коммодоры (кіші рангтағы контр-адмирал). Өз саласындағы алғашқы ашушылардың бірі бола отырып, ол Гарвард компьютері Марк I-ге арналған бағдарламаларды алғашқылардың бірі болып жазды. Ол компьютерлік бағдарламалау тіліне арналған алғашқы компиляторды жасады,[1][2][3][4][5] машиналық тәуелсіз бағдарламалау тілдері тұжырымдамасын дамытты , осылайша алғашқы жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерінің бірі COBOL құрылды. Әскери-теңіз күштеріндегі көптеген жетістіктері мен жоғары дәрежесіне байланысты оны кейде "таңғажайып Грейс" деп атаған.
Өмірінің алғашқы жылдары және білімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Нью-Йорк қаласында дүниеге келген. Туылған кездегі есімі – Грейс Брюстер Мюррей. Отбасында үш баланың ішінде үлкені. Балалық шағынан өте қызық құмар болып өскен. Ең алғаш жеті жасында оятқыштың қалай жұмыс жасайтынын анықтамақ болды.[6] Колледжге түсер алдын Нью-Джерси штатының Плейнфилд қаласындағы Уордлоу-Хартридж мектебінде білім алды. 1928 жылы Вассар колледжін математика және физика бойынша бакалавр дәрежесімен аяқтады. Магистр дәрежесін 1930 жылы Йель университетінде алды. 1934 жылы Ойстин Оренің жетекшілігімен математика ғылымдарының докторы дәрежесін алды.[7][8] 1934 жылдан бастап Вассарда жұмыс жасап бастады.
1930-1945 жылдар аралығында Нью-Йорк университетінің профессоры Винсент Фостер Хоппермен некеде тұрды.[7]
Мансап
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Екінші дүниежүзілік соғыс
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Грейс Хоппер 1943 жылы АҚШ Әскери-теңіз Күштертерінің резервынде ант беріп, көптеген әйелдермен бірге WAVES-те ерікті қызмет етті. Ол өз қызметіне сол жылдың желтоқсан айында кірісті және Смит колледжінде резерв курсанттары мектебінде оқыды. Хоппер өз сыныбын ең үздік нәтижемен бітіріп, Гарвард университетінің артиллериялық есептеу жобалары бюросында кіші лейтенант атағына ие болды. Гарвардта жүріп Ховард Эйкеннің жетекшілігімен Марк I компьютерін бағдарламалаумен айналасады. Хоппер тұрақты флотқа ауысу жөнінде өз өтінішін білдіреді, бірақ жасына байланысты (38) бұл өтініші қанағаттандырылмады. Осылайша ол өзінің запастағы қызметін жалғастырды. Хоппер Вассардағы профессорлық қызметінен бас тартып 1949 жылға дейін Гарвард есептеу зертханасында(Harvard Computation Lab) қызмет атқарды.[9]
UNIVAC
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1949 жылы Хоппер Eckert-Mauchly Computer Corporation компаниясының қызметкері атанды және де аға математик ретінде UNIVAC I әзірлеушілер тобына қосылды. 1950 жылдардың басында компания Remington Rand корпорациясының қол астына өтті және сол кезеңде олардың командасы тарихтағы алғашқы компиляторды шығарды. Бұл компилятор “A-Compiler” ретінде танылды және оның алғашқы нұсқасы А-0 болды.
1954 жылы Хоппер автоматтандыру және бағдарламалау бөлімінің бастығы болды, оның бөлімі бірнеше ARITH-MATIC, MATH-MATIC, FLOW-MATIC сынды алғашқы компиляторларды шығарды.
COBOL
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1959 жылдың көктемінде бизнестегі және мемлекеттік қызметтегі компьютер мамандары өңдеу жүйелерінің тілдері бойынша (CODOSYL) екі күндік конференциясында бас қосқан болатын. Хоппер комитеттің техникалық кеңесшісі болды және оның бұрынғы қол астында болған қызметкерлерінің көпшілігі жаңа COBOL тілін стандарттаған уақытша комитетте болды. Бұл жаңа бағдарламалау тілі хоппердің FLOW-MATIC-нің кеңейтімі болды және IBM-ге ұқсас кейбір COMTRAN идеяларын қамтыды. COBOL іскерлік қосымшалар үшін ең көп таралған тілге айналды және бүгінгі күнге дейін солай болып қала береді.[10]
Хоппер 1967-1977 жылдары Navy Programming Languages Group (Navy’s Office of Information Systems Planning)-ті басқарды және 1973 жылы капитан атағын алды.[9] Ол COBOL және оның компиляторы үшін валидациялық бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірледі, бұл COBOL стандарттау бағдарлмасының бөлігі болды.[9]
Отставкаға шығуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1966 жылдың аяғында Хоппер АҚШ Әскери-теңіз Күштерінің резервінен коммандер (шамамен екінші рангтағы капитанға сәйкес келеді) ретінде зейнетке шықты. 1967 жылы тамызда қайтадан алты ай мерзімге белсенді қызметке шақырылды. 1971 жылы қайтадан отставкаға кетті, бірақ 1972 жылы қайтадан қызметке оралуы сұралды. 1973 жылы адмирал кіші Элмо Р.Зумвалт Хопперді капитан дәрежесіне көтерді.
1983 жылдың наурыз айында Республикалық Партия өкілі Филипп Крейн Хопперді “60 минут” бағдарламасынан көргеннен кейін Өкілдер палатасынан Президентке бірлескен өтініш жіберді, бұл өтініші Грейс Хоппердің коммодор шеніне көтерілуіне әкелді.[11] 1985 жылы коммодор дәрежесі Rear Admiral Lower Half деп аталды.
1986 жылы 14 тамыз Хоппер тағы да отставкаға кету жөнінде өтініш білдірді. Отставкаға кетуіне байланысты жасалған салтанатты жиында Хоппер “Мінсіз қызмет медалімен” марапатталды. Отставкаға кеткеннен кейін Digital Equipment Corporation корпорациясында аға кеңесші лауазымында өмірінің соңына дейін қызмет атқарды.
Хоппер корпорацияда жұмыс жасау барысында көптеген лекциялар жүргізді. Бұл лекциялар үшін өзінің парадқа арналған флоттық формасын киетін болған.
«Менің компилятор құрудан бөлек ең маңызды жетістігім ол жастарды оқыту. Білесіз бе?, олар маған келіп: “Қалай ойлайсыз? Біздің қолымыздан келе ме?”- деп сұрайды. Мен “Көріңіз”- деп жауап беремін. Мен оларды қолдаймын, оларға бұл қажет. Олардың дамуын бақылаймын және кейде оларды тәуекелге баруға шақырамын»[12]
Хоппер Арлингтон Ұлттық Зиратында барлық әскери құрметпен жерленді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Richard L. Wexelblat, ed. History of Programming Languages. — New York: Academic Press, 1981. — ISBN 0-12-745040-8.
- ↑ Donald D. Spencer. Computers and Information Processing (неопр.). — C.E. Merrill Publishing Co, 1985. — ISBN 978-0-675-20290-9.
- ↑ Phillip A. Laplante. Dictionary of computer science, engineering, and technology (англ.). — CRC Press, 2001. — ISBN 978-0-8493-2691-2.
- ↑ Bryan H. Bunch, Alexander Hellemans. The Timetables of Technology: A Chronology of the Most Important People and Events in the History of Technology (англ.). — Simon & Schuster, 1993. — ISBN 978-0-671-76918-5.
- ↑ Bernhelm Booss-Bavnbek, Jens Høyrup. Mathematics and War (неопр.). — Birkhäuser Verlag, 2003. — ISBN 978-3-7643-1634-1.
- ↑ Grace Murray Hopper: The Younger Years(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ a b Green, Judy and Jeanne LaDuke. Pioneering Women in American Mathematics: The Pre-1940 PhD's. — Providence, Rhode Island: American Mathematical Society, 2009. — ISBN 978-0821843765.
- ↑ Though some books, including Kurt Beyer’s Grace Hopper and the Invention of the Information Age, reported that Hopper was the first woman to earn a Yale PhD in mathematics, the first of ten women prior to 1934 was Charlotte Cynthia Barnum (1860—1934). Murray, Margaret A. M.. The first lady of math?, С. 5–6.
- ↑ a b c Williams, Kathleen Broome. Improbable Warriors: Women Scientists and the U.S. Navy in World War II. — Annapolis: United States Naval Institute, 2001. — ISBN 978-1-55750-961-1.
- ↑ Beyer, Kurt W. Grace Hopper and the Invention of the Information Age. — Cambridge, Massachusetts: The MIT Press, 2009. — ISBN 978-0-262-01310-9.
- ↑ Rear Admiral Grace Murray Hopper, USN. Мұрағатталған 4 қаңтардың 2015 жылы. Biographies in Naval History. United States Navy Naval Historical Center.
- ↑ Gilbert, Lynn. Particular Passions: Grace Murray Hopper (неопр.). — 1st. — Нью-Йорк: Lynn Gilbert Inc. (англ.)русск., 2012. — (Women of Wisdom Series). — ISBN 978-1-61979-403-0.