Мазмұнға өту

Генрих Герц

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Heinrich Rudolf Hertz

Туған күні, жері 1857 ж. ақпанның 22 (1857—02—22) (167 жас)
Hamburg
Қайтыс болған күні, жері 1894 ж. қаңтардың 1 (36 жаста)
Bonn, Germany
Тұратын жері Germany
Ұлты German
Зерттеу салалары Physics
Electronic Engineering
Интитуттары University of Kiel
University of Karlsruhe
University of Bonn
Alma mater University of Munich
University of Berlin
Докторлық жетекшісі Hermann von Helmholtz
Еңбегі үшін әйгілі Electromagnetic radiation
Photoelectric effect
Қолы
1887 жылдағы Герцтің зерттеу аппараты

Герц Генрих Рудольф (1857 Гамбург - 1894) - Немiстiң ғұлама ғалымы. Жеке мектепте және гимназияда оқып жүргенiнде Герц өзiнiң ойлап табуға және қол өнерiне қабiлетi бар екендiгiн танытты. Гимназяны тәмамдағаннан кейiн Герц инженер болсам деп армандайды. Бiрақ армия қатарындағы қызметiнен, инженерлiк дайындықтан өткенiне қарамастан, ол физикамен шұғылдануды жөн көрдi. Мюнхен университетiне түсiп, онда Герц математикамен көп шұғылданды, физика классиктерiнiң еңбектерiн оқыды. 1878 ж. Герц Берлин университетiне ауысады, ол жерде немiс физиктерiнiң жетекшiсi Г.Гельмгольц оған ұстаздық етедi. 1870 ж. Герц докторлық диссертациясын қорғайды да, Гельмгольцтiң ассистентi болып тағайындалады. Берлинде қызмет еткен 3 жыл iшiнде әр түрлi тақырыптарда 15 мақала дайындаған (электромагнетизм, қатты материалдар, ғылыми аспаптарды құрастыру және т.б.). 1883 ж. Герц Киль университетiне приват-доцент қызметiне ауысады, одан кейiн Карисруэге ауысады.

Генрих Герцке Карлруэ Технология Институтындағы ескерткіш

Герцтiң электромагниттiк толқындардың бар екендiгiн дәлелдеуге әкелiп тiреген зерттеу жұмыстары осы Карлсруэнiң жоғарғы техникалық мектебiнде басталды. Электромагнитiк толқындарды зерттей келе, Герц электромагниттiк толқындар мен жарық толқындарының негiзгi қасиеттерiнiң бiрдей екенiн дәлелдеп бердi. 1888 ж. бiрiншi рет фотоэффект құбылысын ашты. Оның құрметiне барлық толқындар және тербелiстер жиiлiгiнiң өлшем бiрлiгiн Герц (Гц) деп атады.