Мазмұнға өту

Бәдеуилер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бәдеуилер
Бүкіл халықтың саны

шам. 22 млн адам

Ең көп таралған аймақтар
Алжир

2 460 000

Сауд Арабиясы

2 167 000

Ливия

1 941 000

Мысыр

910 000

Иордания

2 001 000

Біріккен Араб Әмірліктері

1 846 000

Марокко

2 150 000

Тунис

518 000

Израиль

115 000

Сирия

620 000 (2013)

Ливан

49 000

Палестина

19 000

Сахара Араб Демократиялық Республикасы

82 800

Тілдері

арабша

Діні

Ислам (сүнни ағымы)

Бәдеуилер немесе Бәдеуиндер (араб.: بَدَوِيُّون‎ немесе араб.: بَدَوِي,‎) - шөл даланы мекендеушілер. Алдыңғы Азия мен Солтүстік Африкада көшпелі тұрмыс кешкен малшы арабтар. Араб тілінде сөйлейді, араб графикасымен жазады. Мұсылмандар (сүнниттер, абадиттер немесе ибадиттер), уақапшылдар).

Ежелгі тайпалық байланыстары сақталған. Дәстүрлі кәсібі: көшпелі мал шаруашылығы (негізінен, түйе өсіру), суармалы егіншілікпен (бидай, қара бидай, арпа, дурра, сұлы, ірі бұршақ) айналысады. Мұнай, алтын (Медина ауданы) өндірісінде, порттарда жұмыс істейді. Көшпелі, жартылай көшпелі бәдәуилер төрт бұрышты киіз шатырларда, отырықшылары каркасты-бағаналы үйлерде тұрады. Кең ақ көйлек, түйе жүнінен тоқылған шекпен аба, аяқтарына ниаль киеді, бастарына орамал (куфия, сумада) салады. Материалдық жағдайына байланысты әйелдері шыныдан, темірден жасалған сақина, алқа, мұрындарына әшекей тағады. Қыздары маңдайларын, иектерін, кейде беттерін, еріндерін, кеуделерін, аяқтары мен табанын көк бояумен бояп жүреді. Қалалық жерлерде еуропалық киім үлгісі кең тараған. Ұлттық тағамы: бидай, қарабидай, арпа ұнынан илеп пешке пісірген таба нан, бургуль; сусындары - кофе. Тамақты қолмен жейді. Ауыз әдебиеті өте бай. Әнді раба (әрбаба) аспабының сүйемелдеуімен айтады.

Еуропа әдебиетінде ірі қара өсіруді егіншілікпен ұштастыратын жартылай көшпелі арабтарды да Бәдеуилер деп атайды [1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Bedouins