Мазмұнға өту

Бақсылық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Алтай бақсы, XX ғасыр

Бақсылық (Шаманизм) – шаманизм дінінің осы күнге дейін жеткен сарқыны. Бақсы деп өзге тылсым әлеммен байланыс орнатып, ондағы түрлі рухтармен байланыс жасай алатын адамды айтқан. Бақсылар «әулиелерді» «аруақтарды», «періштелерді» шақырып, олармен тілдесе алады, адамның жаулары – дәу,пері,шайтан, албасты, жын, марту, тағы басқа мен күреседі деген сенімде болған. Бақсыларға тән ерекше қасиеттердің бірі – емшілік (тәуіпшілік). Бақсылардың бәрі қобыз тартып, зікір салып, түрлі емдер жасайды. Оның қамшысы тиген адамның денесіне кірген шайтандар қашып, барлық сырқатынан құлан-таза жазылып кетеді деп сенген.

Бақсылардың өткенді біліп, болашақты болжау қасиетті болады. Олар аруақтар шақыру, қойдың жауырының падалану, құмалақ ашу арқылы болашақты болжаған, өткенді көре білген, адамның ойы оқи алатын болған.

Халық арасында есімі ұмытылмаған әйгілі бақсылар болған. 14 ғасырда жасаған Салттық бақсы туралы ел ішінде талай жырлар мен аңыз-әңгімелер қалды. Себебі – бүкіл Дешті Қыпшақта одан өткен білгір бақсы болған жоқ.

Ислам халық арасында кең етек алып, шаман мәдениеті мен бақсылық өнерін ығыстырғанмен, олардың намым-санімдерінде шаман дінінің ізі сақталып қалды. [1]

Символ

Шаманизм - қазақша баламасы бақсылық, бақсыға табыну. Дәстүрлі ой машығының ең көне түрлерінің бірі. Тотемизмнен кейінгі, монтеистік діндерден бұрынғы жөн-жоралғылы магикалық дүниетаным. Шаманизмдегі басты нәрсе - бақсы мен бақсы жүргізетін салт-жоралғылар. Бақсы әрекеттерінің бәрі де магикалық ойлау тәсілінен қүрылған.Магия дегеніміз нақты дүниеге ықпал ету. Осы әрекеттердің барысында біраз ауыз әңгімелер пайда болады, олар бірте-бірте белгілі халықтың мифологиясын қүрайды.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4
  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3