Мазмұнға өту

Аустенит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Аустенит (ағылшын металлургі У. Робертс-Остен есімімен аталған (ағылш. W. Roberts-Austen; 18431902) — темір көміртекті балқымалардың құраушысы, көміртектің (2(-ке дейін) және темірдегі легирлеуші элементтердің қатты ерітіндісі.


Аустенит 723°С-тан жоғары температурада ғана тұрақты, бірақ ол қыздырған болатты суға малып бірден суытқанда ажырап үлгірмей, болат құрамында қалып қояды. Ал болатты суарғанда көп жағдайда кұрамындағы Аустенит өзгеріп, өзінен қаттылығы артық мартенситке (-Fe ішіндегі көміртектің аса қанық ерітіндісіне) айналады. Сондай-ақ болатты жасытқанда (баяу суытқан кезде) Аустенит ажырап, қайтадан цементит пен феррит (а-Fe ішіндегі көміртек ерітіндісі) түзіледі. Соның негізінде болат жұмсарады. Аустенит термиялық және термомеханикалық өңдеуде легирленген болат алу үшін пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Austenite