Мазмұнға өту

Асуан бөгеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Асуан бөгеті (ғарыштан түсірілген сурет

Асуан бөгетіМысырда Ніл өзенінде Асуан қаласының маңында орналасқан бөгет. Ескі Асуан плотинасы 1898 – 1902 жылдарда салынып, 1908 – 12, 1929 – 33 және 1960 жылдары қайта жаңғартылған. Оның ұзындығы 2 км, биіктігі 54 м, ені 8 м шамасында болды. Су қоймасының көлемі 5,5 млрд куб метр. 1960 жылы ескі Асуан плотинасы қатарынан қуаты 350 Мвт (2,7 млрд квт:сағ) СЭС іске қосылды.жаңа, ең биік Асуан плотинасы ескі Асуан плотинасының оңтүстігінде 6 км жерде орналасқан. Ұзындығы 5 км, биіктігі 111 м, ені табаны бойынша 1 км, ал судан көтеріліп тұрған жалы бойынша 40 м. Су қоймасының көлемі 130 млрд куб метр шамасында. Оң жағасында су өтетін канал бар. каналдың плотина осін қиып өтетін жерінде 6 туннель жасалған. СЭС-тің барлық 12 агрегатының ең жоғарғы қуаты 2,1 Гвт, жылына 10 млрд квт: сағаттан артық энергия береді. Энергияның жалпы ұзындығы 2500 км жоғары вольтты линия арқылы Каир, Александрия және басқа да БАБ орталық қалаларына беріледі.[1] Гидроэнергетикалық комплекс (плотина, СЭС және ток жүргізу линиялары) құрылысы 1960 жылы басталды. 1958 жылдың 27 желтоқсанындағы және 1960 жылғы 27 тамыздағы келісімге сәйкес КСРО финанс және техника, сондай-ақ маман кадрлар жағынан көмек көрсетті. Құрылыс жұмысына кеңес алып экскаваторлар мен бульдозерлер, көтергіш крандар мен автокрандар, автомобильдер және басқа да техника түрлері берілді. Ұлт мамандарын даярлау мақсатында Совет Одағының тікелей жәрдемімен Асуан қаласында арнаулы оқу орталығы ашылды.

  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD. ISBN 9965-893-38-1