Мазмұнға өту

Алкалоз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Алкалоз (көне латынша alcalі — сілті, араб. әл-қала) — аниондар мен катиондар ара-қатынасының өзгеруінен денедегі қышқылдық-сілтілік тепе-теңдіктің бұзылуы. Респираторлық Алкалоз қаннан көмір қышқылының молырақ шығуынан, метаболизмдік Алкалоз “ұшпайтын” қышқылдардың не сілтілердің алмасу процесінің бұзылуынан денеге негіздердің (сілтілі катиондардың) шамадан тыс көбірек жиналуына байланысты пайда болады. Алкалоз қандағы сутегі көрсеткішінің (рН) өзгеруіне орай теңгерілген Алкалоз және теңгерілмеген Алкалоз болып екі түрге бөлінеді. Біріншісінде рН қалыпты деңгейде (7,35-7,45) болса, екіншісінде ол біршама көтеріледі (7,45-тен жоғары). Алкалоз жағдайында адамның қан қысымы бұзылып, қантамырлар коллапсы сияқты ауруға шалдығуы мүмкін. Екіқабат әйел жүрегі айнып, қайта-қайта құса берсе, қарын сөлінде көп мөлшерде хлор ионы көп бөлініп, метаболизмдік Алкалоз пайда болады. Оны болдыртпау үшін денеге калий ионы молырақ ендіріліп, қосымша қан құйылады. Сөйтіп қан айналысы реттелінеді. Респираторлық Алкалоз кезінде тыныстануды қалпына келтіру шаралары жасалады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ энциклопедиясы

  1. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8