Айзек Азимов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Айзек Азимов
Isaac Asimov

Айзек Азимов, 1965 жыл
Туған кездегі есімі

Исаак Юдович Озимов[1].

Лақап аты

Пол Френч (Paul French)

Туған күні

2 қаңтар 1920 (1920-01-02)

Туған жері

Петровичи, Смоленск обл., РКФСР (қазіргі Шумяч ауд., Смоленск обл.,Ресей

Қайтыс болған күні

6 сәуір 1992 (1992-04-06) (72 жас)

Қайтыс болған жері

Нью-Йорк, АҚШ

Азаматтығы

Үлгі:USA

Ұлты

еврей

Мансабы

жазушы, фантаст

Шығармашылық жылдары

1939–1992

Жанры

ғылыми фантастика

Дебюті

"Marooned Off Vesta",

Марапаттары

Хьюго Премиясы, Небьюл Премиясы

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Isaac Asimov Home Page

Айзек Азимов[2]. (ағылш. Isaac Asimov, туған кездегі аты Исаак Ю́дович Озимов; 02.01.1920,Петровичи, Смоленск облысы, Ресей — 06.04.1992, Нью-Йорк, АҚШ) - америкалық жазушы, фантаст. 500-ден астам кітап жазған, англо-америкалық дәстүрде "Үш үлкен" жазушыларының бірі болып саналады (Артур Чарльз Кларк пен Роберт Хайнлайнмен бірге)[3][4]. Мамандығы - биохимик.

Смоленск маңындағы Петровичи деген жерде диірменші еврейлердің[5][6] отбасында дүниеге келіп, 1923 ж. әке-шешесімен бірге АҚШ-қа қоныс аударады. Колумбия университетінде 1939 ж. бакалавр, 1941 ж. магистр болды.

1942 ж. Филадельфияға көшіп кетіп, сол жерде әскери кеме жасайтын орында химик болып жұмыс істеген. Сол жерде Роберт Хайнлайнмен танысты. 1942 ж. ақпан айының Валентин күні өзінің болашақ әйелі Гертруд Блюгерманмен (ағылш. Gerthrude Blugerman) танысты. Ол некеден ұлы Дэйвид (ағылш. David) (1951) және қызы Робин Джоэн (ағылш. Robyn Joan) (1955) дүниеге келеді.

1945-46 ж. әскерде болып, содан кейін білім алуын жалғастырып, 1948 ж. аспирантураны бітіреді. 1949 ж. Бостон университетінде сабақ беріп, 1955 ж. доцент болады. 1979 ж. профессор атағына ие болады.

1970 ж. біріші әйелімен ажырасып, Джэнет Опал Джеппсонмен (ағылш. Janet Opal Jeppson) бірге тұрып, 1973 ж. оған үйленеді.

1992ж. 6 сәуірде жүрек және бүйрек жетімсіздіктен (ЖИТС фонында, ЖИТС-қа 1983 ж. жүрекке операция жасаған кезде ұшыраған) қайтыс болды.

  • Нейтрино - 1966
  • Пайдалы қағаздар - 1966
  • Вестада қалғандар - 1939
  • Мен - робот - 1950
  • Мәңгілік соңы - 1955
  • Қалыптасу -1966
  • Екіжүз жасты адам - 1977

Биоэнергетика, астрономия, физиология, математика, физика, химия жөніде жастарға арнап ғылыми-көпшілік жанрында жазған көп очерктері де бар[7].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Biography for Isaac Asimov» на IMDb (ағыл.)
  2. Генеалогическое древо семьи Азимовых
  3. The Death of Science Fiction © 1991 and 1994 by Robert J. Sawyer  (ағыл.)
  4. Sir Arthur Clarke Named Recipient of 2004 Heinlein Award, 05.22.04 Мұрағатталған 22 маусымның 2009 жылы. (ағыл.)
  5. Генеалогия семей Берман и Азимов
  6. Добрый доктор Азимов Мұрағатталған 17 мамырдың 2008 жылы.
  7. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том