Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 238 319 мақала бар.
Эрнест Хемингуэй
Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899, Оук-Парк, Иллинойс — 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.
Биология
Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
Ортаққор Ашық файлдар қоры
|
Уикисөздік Ашық сөздікқор
| ||||
Уикидерек Ашық дерек базасы
|
Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры
| ||||
Уикихабар Ашық жаңалықтар
|
Уикидәйек Дәйексөз жинағы
| ||||
Уикиқайнар Ашық кітапхана
|
Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі
| ||||
Уикисабақ Білім қоры
|
Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы
| ||||
MetaWiki Жобаларды үйлестіру
|
МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама
|
Жаңалықтар
Ағымдағы оқиғалар: Израиль−Хамас соғысы (хронологиясы) • Ресейдің Украинаға басып кіруі (хронологиясы, Курск облысындағы шайқастар)
- 8 желтоқсан — Сирия президенті Башар Асад елден қашты.
- 3 желтоқсан — Оңтүстік Кореяда бірнеше сағатқа әскери жағдай жарияланды.
- 29 қараша — Сирия оппозицияның қарулы күштері Алеппо қаласын басып алды.
- 28 қараша — Грузияда биліктің ресейшіл саясатына қарсы жаппай толқулар басталды.
- 26 қараша — Израиль мен Ливан атысты тоқтату туралы бейбіт келісім жасасты.
- 24 қараша — Нидерландтық Макс Ферстаппен (суретте) төртінші рет қатарынан Формула-1 чемпионатын жеңді.
- 21 қараша — Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуны және Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантты қамауға алу ордерін шығарды.
Білгенге маржан
- Apple компаниясының алғашқы логотипінде Исаак Ньютонның суреті болған.
- American Airlines жолаушыларға берілетін салаттың құрамынан зәйтүнді алып тастап, 40 000$ үнемдеген.
- Қазақстан қазақтарының ең көп аттас-тектестер Серік Ахметов және Айзере Серік.
- Лазерлік принтердің алғашқы істейтін прототипі 1972 жылы жасалды.
- Третьяков галереясының ішінде де бір киіз үй бар.
- Гармония тынысын радиодан да естіп алуға болады.
- Хамелеондардың түс өзгерте алуы меланосомалардың әрекетіне байланысты.
9 желтоқсан
Мейрамдар
- БҰҰ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес күнi.
Оқиғалар
- 1929 — «Правда» газеті алғаш рет «Төрт жылда – бес жылдық» деген ұран шығарды.
- 1992 — Джордж Сорос өз атымен аталатын Халықаралық ғылыми қор ашты.
Туғандар
- 1832 — Адальберт Крюгер, неміс астрономы.
- 1891 — Максим Богданович, белорус ақыны.
- 1920 — Карло Алзелио Чампи, Италия президенті.
- 1956 — Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі.
Қайтыс болғандар
- 1048 — Әбу Райхан әл-Бируни, орта азиат оқымысты-энциклопедші және ойшыл
- 1814 — Джозеф Брама, ағылшын өнертапқышы.
- 1906 — Фердинанд Брюнетьер (1849), француз жазушысы және сыншысы.
- 1971 — Всеволод Никанорович Иванов (1888), орыс жазушысы, тарихи повестердің авторы.
Желтоқсан айына ортақ жұмыс
Таңдалмаған. Оны сіз де жасай аласыз!