Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 238 272 мақала бар.
Эрнест Хемингуэй
Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899, Оук-Парк, Иллинойс — 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.
Биология
Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
Ортаққор Ашық файлдар қоры
|
Уикисөздік Ашық сөздікқор
| ||||
Уикидерек Ашық дерек базасы
|
Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры
| ||||
Уикихабар Ашық жаңалықтар
|
Уикидәйек Дәйексөз жинағы
| ||||
Уикиқайнар Ашық кітапхана
|
Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі
| ||||
Уикисабақ Білім қоры
|
Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы
| ||||
MetaWiki Жобаларды үйлестіру
|
МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама
|
Жаңалықтар
Ағымдағы оқиғалар: Үшінші Ливан соғысы • Израиль−Хамас соғысы (хронологиясы) • Ресейдің Украинаға басып кіруі (хронологиясы, Курск облысындағы шайқастар)
- 24 қараша — Нидерландтық Макс Ферстаппен төртінші рет қатарынан Формула-1 чемпионатын жеңді.
- 21 қараша — Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуны (суретте) және Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантты қамауға алу ордерін шығарды.
- 16 қараша — Грузиялық әнші Андрия Путкарадзе Junior Eurovision 2024 ән байқауында «To My Mom» әнімен жеңіске жетті.
- 13 қараша — Түркия Израильмен барлық қатынастарды үзді.
- 5 қараша — Дональд Трамп АҚШ президент сайлауында жеңді және Республикашылдар АҚШ Сенатында көпшілікке ие болды.
- 28 қазан — Испания футболисті Родри Алтын доп иегері атанды.
Білгенге маржан
- Apple компаниясының алғашқы логотипінде Исаак Ньютонның суреті болған.
- American Airlines жолаушыларға берілетін салаттың құрамынан зәйтүнді алып тастап, 40 000$ үнемдеген.
- Қазақстан қазақтарының ең көп аттас-тектестер Серік Ахметов және Айзере Серік.
- Лазерлік принтердің алғашқы істейтін прототипі 1972 жылы жасалды.
- Третьяков галереясының ішінде де бір киіз үй бар.
- Гармония тынысын радиодан да естіп алуға болады.
- Хамелеондардың түс өзгерте алуы меланосомалардың әрекетіне байланысты.
24 қараша
Мейрамдар
Туғандар
- 1632 — Бенедикт Спиноза, Нидерланд философы (1677).
- 1729 — Александр Суворов, (1800), орыстың әскери қолбасшысы.
- 1784 — Тейлор Закари, АҚШ-тың 12-ші президенті.
- 1864 — Тулуз-Лотрек, Анри де, француз суретшісі.
- 1884 — Ицха́к Бен-Цви, Израильдің екінші президенті, мемлекеттік және қоғам қайраткері.
Қайтыс болғандар
- 1911 — Вильгельм Йенсен, неміс жазушысы.
- 1911 — Биг Джо Тёрнер, американдық шоумен, әнші, блюз орындаушы.
- 1958 — Сесил Роберт, заңгер, 1937 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
- 1991 — Фредди Меркьюри (шын аты Фаррух Балсара) (1946), британдық рок-музыкант, «Queen» тобының басты мүшесі.
Қараша айына ортақ жұмыс
Таңдалмаған. Оны сіз де жасай аласыз!